31.10.2016, 16:07 7093

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016-2020 жылдарға арналған кешенді энергетикалық тиімділік жоспары бекітілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі "Шымкентцемент" АҚ арасында "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үш жақты келісімге қол қойылды.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі "Шымкентцемент" АҚ арасында "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үш жақты келісімге қол қойылды.

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ атынан Бірінші вице-министрі Альберт Рау, Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі атынан Икімніӊ орынбасары Жақып Бөкенбаев және "Шымкентцемент" АҚ атынан директоры Мустафа Авджы қол қойды.

Осы келісімніӊ аясында "Шымкентцемент" АҚ бес жыл iшiнде оныӊ өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуге мiндетті, ал жергілікті атқарушы орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеуге құқылы, деп хабарлады ИДМ.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия сыйымдылығыныӊ ЖІӨ 25 пайызға төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылған. Қазіргі уақытта 5042 ұйым субъектілермен мемлекеттік энергетикалық реестр жасалған. 2000-нан астам реестр субъектісі "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" ҚР Заӊына сәйкес энергетикалық аудит жүргізуге міндетті. Бүгінгі таӊда 606 субъект энергетикалық аудит жүргізіп үлгерді.

Соныӊ барысында жалпы пайдаланғандардыӊ ішінде барлық реестр субъектілерініӊ үлесі мынадай болды. Мәселен, Квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ пайдаланғаны 63%, заӊды тұлғалар 35%, ал, мемлекеттік мекемелердіӊ үлесі 2% құрайтыны анықталды. Аталмыш реестрден елдіӊ энергия ресурсыныӊ 30%-дан астамын пайдаланатын 50 өндірістік кәсіпорын алынып тасталды.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі энергосервистік келісім тетігі арқылы жүзеге асыруға дайын жобалардан тұратын энергия тиімділік Картасын жасады. Бүгінгі таӊда энергия сервистік қызмет операторына энергия тиімділік Картасына қосылу үшін 65,12 млрд. теӊгеден астам соманы құрайтын 105 тапсырыс түсті. Жыл соӊына дейін 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (бүгінгі күні кәдімгі шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру бойынша 3 жоба жүзеге асуда - "Қазпошта" АҚ, "Қазақмыс" ЖШС және "ТАТЭК" ЖШС, сонымен қатар, USAID жобасы).

Бірқатар өӊірде 2016-2020 жылдарға арналған кешенді энергия тиімділік жоспары бекітілді (БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ОҚО, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Атырау және СҚО).

Аумақты дамыту бағдарламасына жақын 5 жылдықта энергия үнемдеу секторын дамыту жоспары мен жергілікті атқарушы орган қызметініӊ негізгі бағытын және аймақтыӊ ЖӨӨ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша мақсатты индикаторын белгілейтін энергия үнемдеу мен энергия тиімділік бойынша тарау қосылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны