18.10.2016, 16:21 4027

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдыӊ 9 айында өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 574,2 млрд. теӊгені құрады

Облыстыӊ 2016 жылдыӊ 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімі 319,6 млрд. теӊгеге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгеге жеткен.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен өткен селекторлық мәжілістіӊ күн тәртібінде облыстыӊ 2016 жылдыӊ 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, "Нұрлы жол" және "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламаларыныӊ орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мәжіліске аудан, қала әкімдері және облыстық басқармалар басшылары қатысты.

Бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Р.Мулкеманов есепті мерзім ішінде өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 574,2 млрд. теӊгені құрап, ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімі 319,6 млрд. теӊгеге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 125,3 млрд. теӊгеге жеткен.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, дегенмен, өӊірге инвестиция тарту нәтижесі төмен болып отыр. Яғни, 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теӊге инвестиция бағытталып, 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊіне шаққанда 82,4% құрады.

2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағаларда 574239 млн. теӊгені құрады, бұл 2015 жылғы қаӊтар- қыркүйектен 4,9% артық.

Облыстыӊ статистика департаменті хабарлағандай, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі - 4,1%, өӊдеу өнеркәсібінде - 12,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 6,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардыӊ жиналуын және таралуын бақылауда - 10,1% артты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде.

Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

"Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан бері 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, "Шымкентмай" АҚ -өсімдік май өндірісін ұлғайту жобасына 1,9 млрд. теӊге жұмсалып, 26 жұмыс орны ашылса, "Lotus Food Company LLC" ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу жобасына 471 млн. теӊге жұмсалып, 48 жұмыс орны ашылды. "Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында бюджетке түскен салықтардыӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теӊгеге артып, 5,4 млрд. теӊгені құрады.

Басым бағыттардыӊ бірі - инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне ресми іссапарлар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таӊға шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теӊгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теӊге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теӊгеге артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны