Система Orphus

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 252 мыӊ шаршы метр аумақты қамтитын 151 үй немесе 3 197 пәтер пайдалануға беріледі

21.09.2016, 13:47 4098

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 252 мыӊ шаршы метр аумақты 151 үй немесе 3 197 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылға дейінгі өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 790 мыӊ шаршы метрлі 262 үйдіӊ құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мыӊ шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі,- деп атап өтті әкім.

Облыс басшысы әлеуметтік салаға айрықша көӊіл бөлініп отырғанына тоқталды.

"Ағымдағы жылы 10 денсаулық сақтау нысаныныӊ құрылысы, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге Түлкібас ауданындағы ауылдық емхана іске қосылды.

Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтіӊ сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыруға көӊіл бөлініп отыр",- деді ол.

Есепті кезеӊден әрестелер өлім-жітімініӊ көрсеткіші 13%-ға, қан айналымы аурулары - 15%-ға, туберкулез - 24%-ға, онкопатология - 2%-ға төмендеді.

Білім беру саласында ағымдағы жылы 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, жалпы саны 1 561 бірлікке, балаларды қамту көрсеткіші 80,5%-дан 82,3% жетті.

Бүгінгі таӊда 42 мектеп, 6 балабақша іске қосылып, нәтижесінде 11 апатты жағдайдағы мен 9 үш ауысымдық мектептердіӊ құрылысы аяқталды. 77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыстыӊ орташа балы 77,7 құрады. Республикадағы еӊ жоғарғы 125 балды жинаған 19 бітірушініӊ 5 біздіӊ облыстыӊ түлегі.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, бұл республикалық көрсеткіштіӊ 16% құрады.

"Есепті кезеӊге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деӊгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деӊгейі 3,6% құрады",-деді Б.Атамқұлов.

Икімніӊ мәліметінше, ағымдағы жылы 5 мәдениет үйі, 1 мұражай пайдалануға берілді.

Жыл басынан облыс спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 403 алтын, 392 күміс, 384 қола медальға қол жеткізді.

"Өзеріӊіз білетіндей, ағымдағы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 күміс, 1 қола медальды облысымыздыӊ спортшылары салды. Есепті кезеӊде 1 спорт кешені іске қосылды",- деді ол.

Халықты қажетті инфрақұрлыммен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы 27 ауыз су нысаныныӊ құрылысы жүргізіліп, 25-і пайдалануға берілетін болады, 2 нысанныӊ құрылысы 2017 жылға ауысады.

Оныӊ ішінде, 5,6 мыӊ халық тұратын су құбыры мүлдем жоқ 7 елді мекенге жаӊа ауыз су құбырларыныӊ құрылысы жүргізіліп, 59,5 мыӊ халық тұратын 14 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаӊартылады. Бүгінге 1 нысан іске қосылды.

"Ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп жатқан 33 газ нысандарыныӊ 12-сі пайдалануға берілді. Жылдыӊ қорытындысымен 25 елді мекен газдандырылып, нәтижесінде, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны жалпы 293 жететін болады, оларда 1,7 млн.адам тұрады, деді өӊір басшысы.

Бейбіт Атамқұлов жария еткен сан-мәліметтерге сәйкес, 199 жол нысанныӊ құрылыс-жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Қазіргі таӊда, 45 нысан пайдалануға берілді. Жылдыӊ қорытындысымен 179 нысанды немесе 520 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Атқарылған жұмыстардыӊ барлығы халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттыру үшін жасалып отыр,- деді облыс әкімі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Өӊіріміздіӊ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді",- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны