11.11.2016, 18:06 4954

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 26,0 млрд. теӊге бөлінді

Ауыл шаруашылығы саласыныӊ жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдыӊ өӊір шаруаларына берекелі болғанын атап өтіп, шаруаларға қуанышты хабар ретінде келер жылға 6 млрд. 47 млн. теӊге субсидия бөлінгенін жеткізді.

Шымкент. 11 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен ауыл шаруашылығы еӊбеккерлерініӊ күніне арналған "Алтын күз - 2016" салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы саласыныӊ жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдыӊ өӊір шаруаларына берекелі болғанын атап өтіп, шаруаларға қуанышты хабар ретінде келер жылға 6 млрд. 47 млн. теӊге субсидия бөлінгенін жеткізді.

"Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 мыӊ га артып, бақша, көкөніс, мақта, картоп және жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім жиналды. Өнім көлемін, гектар түсімділігін арттыруға негізінен шаруашылықтардыӊ агротехнологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізу мен өндіріске озық технологияларды ендіруге бет бұруыныӊ нәтижесінде қол жеткізіп отырғандығымызды мақтана айтуымызға болады. Оныӊ ішінде, тереӊ қопсыту технологиясы, тамшылатып суғару әдісі мен жылыжайлардыӊ көлемі бойынша Республикада көш бастап келеміз", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, мерекелік бас қосуда, Жансейіт Қансейітұлы облыста соӊғы үш жылдыӊ өзінде 2 мыӊ га өндірістік интенсивті баулар отырғызылғанын айтып, оныӊ тиімділігі гектарынан мақтамен салыстырғанда 30 есеге, бақшамен салыстырғанда 10 есеге артық өнім алуға болатынын жеткізді. Қарқынды баулардыӊ көлемін ұлғайтуға Күнгейде мүмкіндіктердіӊ барлығы бар екеніне тоқталған әкім мал шаруашылығында да қабылданған іс-шаралар мен "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламалары жоғарғы деӊгейде орындалып жатқанын баяндады.

Мұнан соӊ, аймақ басшысы түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден І орын алған озат аудан, қалаларды атап, арнайы мүсін мен облыс әкімініӊ сертификаттарын табыстады. Мәселен, астық өндіруде Қазығұрт ауданына ешкім теӊ келмесе, жүгері өндіруде Отырар ауданы, мақсарыда Төлеби, мақта бойынша Мақтарал аудандары үздік деп танылды. Ал бақша өнімдерін жинау бойынша шардаралықтар көш бастаса, көкөністе Сарыағаш, жеміс-жидекте Түлкібас, сүт Арыс қаласы, ет өндіруде Ордабасы шаруаларыныӊ мерейі үстем болды. "Сыбаға" бағдарламасыныӊ орындалуы жөнінен түркістандықтар ерлеп, "Алтын Асық" бағдарламасы шеӊберінде Бәйдібек озық шықты. Ал озық инвестициялық жобаларды іске асыруда Шымкент қаласы басым болса, ауыл шаруашылығы саласыныӊ дамуына үлес қосуда Мақтаарал, ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесін ұйымдастыруда Сайрамныӊ беделі биік болды.

Мұнан бөлек, бұл күні түрлі салалар шеӊберінде ІІ және ІІІ орындағы және өзге де еӊбек озаттарыныӊ номинацияларды алған 75 аудан, қала әкімдіктерініӊ өкілдері мен шаруашылық жетекшілерініӊ мерейі үстем болды.

Айта кетсек, мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдау, гектарлық субсидия, жеӊілдетілген жанар-жағар май, тыӊайтқыштармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімі мен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ шикі затты сатып алу құнын төмендету, инвестициялық субсидия, кредит/лизингтіӊ пайыздық үстем ақыларын субсидиялау бағдарламаларыныӊ саланы дамытуға тікелей ықпал етуде. Оған дәлел, биылғы жылдыӊ өзінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 26,0 млрд. теӊге бөлініп, өткен жылдан 24 % артты.

Дегенмен де жылдан-жылға халық саныныӊ өсіміне және экономикалық жағдайдыӊ жақсаруына байланысты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстыӊ артатыны сөзсіз. Сондықтан алдымызда аталып өткендей, облыстыӊ аграрлық саласын 2017 - 2020 жылдарға арналған дамытудыӊ алты бағыты айқындалды. Оныӊ ішінде бірінші кезекте ауыл шаруашылығы кооперативтер жүйесін қалыптастыруға, суармалы жерлерді қалпына келтіру мен ұлғайтуға облыс әкімдігі тарапынан барлық шаралар атқарылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны