11.04.2018, 16:23 4217

Оӊтүстік Қазақстан облысында 320 мыӊ гектарға көктемгі егіс егілуде

Оӊтүстік Қазақстан облысына көктем өзге аймақтарға қарағанда ерте келетіндіктен мұнда көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі. Биыл ауа-райы диқан қауымға қолайлы болып, бүгінгі күнге көктемгі егінді 130 мыӊ гектардан астам жерге егіп үлгерді

Шымкент. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысына көктем өзге аймақтарға қарағанда ерте келетіндіктен мұнда көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі. Биыл ауа-райы диқан қауымға қолайлы болып, бүгінгі күнге көктемгі егінді 130 мыӊ гектардан астам жерге егіп үлгерді.

Мәселен, шаруалар 25,6 мыӊ га жаздық арпа, 28,3 мыӊ га жоӊышқа, 43,4 мыӊ га мақсары, 7,2 мыӊ га картоп, 14,8 мыӊ га көкөніс, 11,4 мыӊ га бақша егті. Егу жұмыстары жалғасуда. Меже бойынша облыста 42 мыӊ га жерге арпа, 109,5 мыӊ га мақсары, 51,6 мыӊ га жоӊышқа, 15,5 мыӊ га картоп және 60 мыӊ га бақша дақылдары мен көкөніс 41 мыӊ гектар жерге, яғни жалпы 320 мыӊ гектарға көктемгі егістік егілмек.

Ал көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға облыста толық мүмкіндік бар, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ мамандары. Олардыӊ айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егіс көлемі 833,1 мыӊ га немесе өткен жылдан 6,8 мыӊ га артық межеленіп отыр екен. Оныӊ ішінде арпа 42 мыӊ га, майлы дақыл 116,5 мыӊ га, дәндік жүгері - 54 мыӊ га, мақта - 105 мыӊ га, көкөніс, бақша, картоп -117,5 мыӊ га, мал азықтық дақылдар - 237,8 мыӊ гектар.

Сондай-ақ, мамандар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 38 мыӊ тонна жанармай Шымкент мұнай өӊдеу зауытынан бөлінгенін атап өтті. Ал жанар май тасымалдаушы операторлар тізімі белгіленіп, мұнай өӊдеу зауытымен келісім-шарт жасалынған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны