16.09.2016, 10:15 5272

Оӊтүстік Қазақстан облысында 80-нен астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Бүгінгі күнге облыста 8 мыӊнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ауылшаруашылық өнімдерініӊ көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердіӊ мәселелерін кешенді шешу үшін, ҚР "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Заӊына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінгі күнге облыста 8 мыӊнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда.

Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық станциясы құрылған. (МТС)

МТС-тер құрамында 108 доӊғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын, 9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат сессиясында облыс әкімі ауылшаруашылығыныӊ жай-күйіне тоқталды.

"Өӊіріміздіӊ аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығыныӊ дамуына ерекше назар аударылуда. Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеӊінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді облыс басшысы.

Оныӊ айтуынша, бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теӊгені құрап, 2% артты.

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мыӊ гектарға артып, 788 мыӊ гектарды құрады. Суармалы 466 мыӊ гектар жердіӊ 93% игерілуде (434 мыӊ га).

"Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мыӊ тонна, көкөністен 811мыӊ тонна, бақшадан 1 252 мыӊ тонна, картоптан 195 мыӊ тонна, масақты дақылдардан 470 мыӊ тонна өнім жиналды.

Алғаш рет бидайдыӊ орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. - 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мыӊ гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%). Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мыӊ тонна көкөніс өнімдері жиналды. Тереӊ қопсыту технологиясы 89 мыӊ гектарға енгізілді,- деді ОҚО әкімі.

Жыл басынан фермерлерге "Ырыс" қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теӊге көлемінде несие берілді.

"Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларымен 35 мыӊнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруаылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны