20.02.2017, 19:18 4759

Оӊтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеӊейтілген мәжіліс өтті

Еліміздіӊ ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы бес жыл ішінде 500 мыӊнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып, өнімніӊ өӊдеу сапасын жақсартуға күш салмақ. Бұл бағытқа мемлекет бюджетінен 57 миллиард теӊге бағытталып отыр.

Шымкент. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтыӊ қатысуымен агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеӊейтілген мәжіліс өтті. Жиынды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жүргізіп отырды.

Жиында сөз алған вице-премьер ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ірілендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

"Мемлекет басшысы Жолдауда аграрлық сектор -экономиканыӊ жаӊа драйверіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Осы тапсырмаға сай агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы негізгі мақсат - үй шаруашылықтары мен ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, өнімді қажетті инфрақұрылыммен қайта өӊдеуді ұлғайту. Өткен жылы осы тапсырма аясында еліміз бойынша 15 мыӊ жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардыӊ базасында 100-ден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыӊнан астам отбасылық бордақылау алаӊы ұйымдастырылды", - деді Асқар Мырзахметов.

Еліміздіӊ ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы бес жыл ішінде 500 мыӊнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып, өнімніӊ өӊдеу сапасын жақсартуға күш салмақ. Бұл бағытқа мемлекет бюджетінен 57 миллиард теӊге бағытталып отыр. Несие шаруаларға 6 пайыздық жеӊілдікпен үлестірілетін болады. Ондағы негізгі талап - кооперативке бірігетін шаруа қожалықтардыӊ саны 20-дан кем болмауы тиіс.

Вице-премьер сондай-ақ субсидиялау қағидаттарыныӊ қайта қаралып жатқанына да кеӊінен тоқталды. Бүгінде 11 субсидия түрі алынып тасталып, 35 субсидия түрініӊ нормативтеріне өзгерістер енгізілген.

Аталған мақсат-міндеттер Елбасы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған жаӊа мемлекеттік бағдарламасын іске асырудыӊ алғы шарттары ретінде белгіленіп отыр.

Жиын барысында еліміздіӊ Ауыл шаруашылығы министрілігінен арнайы келген дирекция басшылары жиналғандарға кооператив құрудыӊ негізгі алғы шарттары мен субсидиялау, құжаттандыру мақсатындағы қағидаттарды жан-жақты түсіндірді.

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту. Оныӊ аясында ауыл шаруашылығындағы еӊбек өнімділігін 38 пайызға, жалпы өнімін 30 пайызға, азық-түлік тауарларын экспорттау көлемін 600 млн. АҚШ долларына арттыру және импорт көлемін 400 млн. АҚШ долларына төмендету қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны