13.06.2018, 18:04 4016

Оӊтүстік Қазақстан облысында алдағы 3 жылда 84 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады

Бүгінде облыс халқыныӊ 12 пайызы, яғни шамамен 200 мыӊға тарта тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіруміз керек.

Шымкент. 13 маусым. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қала тұрғындары - 97 пайызға, ауылдық елді мекендер - 62 пайызға қамтылуы керек. Сонда "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі" бағдарламасында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су және су бұру жүйелерімен қамтудыӊ нақты көрсеткіштерін толығымен орындаған боламыз. Бұл туралы бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында мәлімдеді. Аймақ басшысы жалпы өӊірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 200-ден астам ауыл бар екенін айта келе, жиында баяндама жасаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы М.Марайымға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

"Бүгінде облыс халқыныӊ 12 пайызы, яғни шамамен 200 мыӊға тарта тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіруміз керек. Бағдарлама талаптарына сәйкес, елді мекендерде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, бірінші кезекте жер асты су қорларына геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Осы жұмыстардыӊ қорытындысы негізінде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Басқарма басшысы осы бағытта, 2016-2018 жылдары халық саныныӊ басымдығына қарай 117 елді мекенніӊ жобалау-сметалық құжаттары әзірленін жеткізді. Облыстыӊ даму жоспарына сәйкес, алдағы 3 жылда 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. 2018 жылы ауыз су саласына 11,0 млрд.теӊге бөлініп, 76 нысанныӊ құрылысы іске асырылуда. Оныӊ ішінде, 20 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, 56 нысанныӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі. Сонымен қатар басқарма басшысы жыл соӊына дейін 13 елді мекен ауыз жүйелерімен қамтылса, 2 елді мекенніӊ тозығы жеткен су құбырлары қайта жаӊартылып, 2 мөлтек ауданда және 4 суағарлар құрылысы аяқталатынын айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі басқарма басшысына өзге аймақтармен салыстырғанда халқты ауыз сумен қамту деӊгейі қандай екенін анықтауды және аталған салаға автоматтандыру жүйесін енгізуді тапсырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны