20.08.2008, 17:58 2982

Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы жоғарғы технологиялық жылыжай кешені ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы жоғарғы технологиялық жылыжай кешені ашылды

Шымкент. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының Жұлдыз ауылында жоғарғы технологиялық жылыжай кешені іске қосылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мұндай жылыжай Қазақстанда бұған дейін болған емес. Қызанақ көшеттерін отырғызып қойдық. Алғашқы түсімді осы күзде аламыз деп жоспарлап отырмыз", - деді "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, "Азия-трейд" жылыжай кешені мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі бойынша салынған. Құрылтайшылары - "Оңтүстік" ИКК мен "Азия-трейд-1" ЖШС.

Жылыжай 1 гектар жерді алып жатыр. Кешен өнімділігі - жылына 600 тонна. Жоба құны - 363 млн 91 мың теңге.

ОҚО ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Тасболат Есімовтың айтуынша, облыста қазіргі таңда 70 гектар шамасында жылыжай шаруашылықтары бар. "Өзгелері, әрине, бұдан қарапайым. Мұндай кешен біздегі алғашқысы", - деді Т. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны