03.01.2018, 14:27 5251

Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жаӊа жылдық жәрмеӊкесі өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ мерекелік жәрмеӊкесі өтті. Бұл жәрмеӊке жаӊа жыл қарсаӊында әлеуметтік маӊызды тауарлар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкент қаласыныӊ Ил-Фараби алаӊыныӊ аумағында өткен тауар өндірушілердіӊ жәрмеӊкесінде өнімдер 20-30 пайызға арзан саудаланды.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ мерекелік жәрмеӊкесі өтті. Бұл жәрмеӊке жаӊа жыл қарсаӊында әлеуметтік маӊызды тауарлар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкент қаласыныӊ Ил-Фараби алаӊыныӊ аумағында өткен тауар өндірушілердіӊ жәрмеӊкесінде өнімдер 20-30 пайызға арзан саудаланды.

Жергілікті тауар өндірушілердіӊ өнімдері саудаланып жатқан жәрмеӊкеге облыс әкімі Жансейіт Түймебав арнайы қатысып, тұрғандар мен шаруаларды жаӊа жылмен құттықтап, олармен пікір алмасты. Сөрелерге қойылған ауыл шаруашылығы өнімдерімен танысқан өӊір басшысы бағаны тұрақтандырып, халыққа қолайлы жағдай жасауда әлеуметтік базарлардыӊ әсері мол екенін айтты.

"2017 жыл өӊірдегі ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болды. Биыл облыс бойынша 1,3 млн тонна бақша дақылдары, 963 мыӊ тонна көкөніс, 293 мыӊ тонна картоп, 116 мыӊ тонна жеміс пен 77 мыӊ тонна жүзім жиналды. Қамбаға 397 мыӊ тоннаға жуық астық құйылды. Мал шаруашлығында да өсім байқалып, ет және сүт өндіру көрсеткіштері артты. Нәтижесінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 497,8 млрд.тг. құрап өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 39,7 млрд.тг. артты" - деді әкім.

Жәрмеӊкеде аудан қалалардан жиналған шаруалар 230 тоннадан астам табиғи таза өнімдерді қала тұрғындарына нарықтағыдан төмен бағада ұсынды. Мұнда 50-ден астам азық-түлік тауарлары қойылды. Оныӊ ішінде ет, сүт өнімдері, балық, шұжық, көкөністер мен жеміс-жидектер бар.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Жалпы биыл 40 мыӊға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мерекелік жәрмеӊкеде көкөністер мен жеміс-жидектерден шырша орнатылды. Жәрмеӊке соӊы концерттік бағдарламаға ұласты. Онда өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көӊіл күй сыйлады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны