21.09.2016, 13:31 4939

Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр

Облыс әкімініӊ ортаға салған мәліметіне сәйкес, "Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында бюджетке түскен салықтардыӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теӊгеге артып, 5,4 млрд. теӊгені құрады.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Бұл туралы бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстыӊ экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған әкімніӊ хабарлауынша, бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде.

"Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

"Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, "Шымкентмай" АҚ -өсімдік май өндірісін ұлғайту жобасына 1,9 млрд. теӊге жұмсалып, 26 жұмыс орны ашылса, "Lotus Food Company LLC" ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу жобасына 471 млн. теӊге жұмсалып, 48 жұмыс орны ашылды,- деді өӊір басшысы.

Облыс әкімініӊ ортаға салған мәліметіне сәйкес, "Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында бюджетке түскен салықтардыӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теӊгеге артып, 5,4 млрд. теӊгені құрады.

"6 айда өнеркәсіп кәсіпорындары 384 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндіріп, 5,3% артты. Өсім бойынша облыс республикада алдыӊғы қатарда",- деді ол.

Бұдан әрі облыс әкімі ауылшаруашылығыныӊ жай-күйіне тоқталды.

"Өӊіріміздіӊ аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығыныӊ дамуына ерекше назар аударылуда. Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеӊінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді облыс басшысы.

Оныӊ айтуынша, бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теӊгені құрап, 2% артты.

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мыӊ гектарға артып, 788 мыӊ гектарды құрады. Суармалы 466 мыӊ гектар жердіӊ 93% игерілуде (434 мыӊ га).

"Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мыӊ тонна, көкөністен 811мыӊ тонна, бақшадан 1 252 мыӊ тонна, картоптан 195 мыӊ тонна, масақты дақылдардан 470 мыӊ тонна өнім жиналды.

Алғаш рет бидайдыӊ орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. - 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мыӊ гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%). Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мыӊ тонна көкөніс өнімдері жиналды. Тереӊ қопсыту технологиясы 89 мыӊ гектарға енгізілді,- деді ОҚО әкімі.

Жыл басынан фермерлерге "Ырыс" қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теӊге көлемінде несие берілді.

"Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларымен 35 мыӊнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруаылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Облыс әкімі атап өткендей, басым бағыттардыӊ бірі - инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне ресми іссапарлар ұйымдастырылуда.

"Бүгінгі таӊға шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда",- деді Б.Атамқұлов.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теӊгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теӊге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теӊгеге артты.

"Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны