15.09.2016, 12:26 4303

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту" бағдарламасы іске қосылды

"Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын", - деді өӊір басшысы.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы тапсырмаларыныӊ орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы" аясында Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту" жобасы қолға алынып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын", - деді өӊір басшысы.

Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстыӊ жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өӊірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді.

Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердіӊ барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.

Жиында Үкіметтіӊ 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеӊейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардыӊ орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудыӊ жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудыӊ маӊызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оныӊ құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс, - деді Б. Атамқұлов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны