21.09.2016, 15:33 4557

Оӊтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттерден 5 млрд.теӊгеге жуық қаржы бөлінді

Оӊтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттерден 5 млрд.теӊгеге жуық қаржы бөлінді

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттерден 5 млрд.теӊгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы А.Темірбаева мәлім етті.

ОҚО жұмыспен қамтылу бойынша елімізде көш бастап тұр. Оныӊ айтуынша, бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған азаматтардыӊ 86 пайызы міндетті зейнетақы жарналары аударылғаны арқылы анықталып отыр.

Елбасыныӊ биылғы жылы халыққа Жолдауында белгіленген бес бағыттыӊ бірі - Жаӊа әлеуметтік саясаттыӊ іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы облыста осы жылы 319 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 65 мыӊнан астам отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алып жатқанын айтты.

"Илеуметтік көмек алушылардыӊ қатарында еӊбекке жарамдылар орташа есеппен 24,4 пайызын құрайды. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттерден 5 млрд.теӊгеге жуық қаржы бөлінді. 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап әлеуметтік төлемдердіӊ үш түрімен бірге (көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін жәрдемақы, балалар жәрдемақысы) атаулы әлеуметтік көмектіӊ жаӊа түрі енгізілетін болады",-деді спикер.

Бұл көмектіӊ түрі шындығында қиын жағдайға тап болған және жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық секілді объективті себептерге байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек болып ұсынылатын болады. Яғни, еӊбекке қабілеттілікті сақтаған, көмек алушы үміткерлерге қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады. Осы мақсатта "Өрлеу" жобасыныӊ аясында күнкөріс деӊгейініӊ 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарына жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек көрсету қарастырылған. Шартты ақшалай көмектіӊ мөлшері күнкөріс деӊгейініӊ 60 пайызы мен отбасыныӊ жан басына шаққандағы табысыныӊ айырмашылығына теӊ.

"2016 жылы "Өрлеу" жобасын енгізу тәжірибесін кеӊейту үшін, шартты ақшалай көмек жүйесін облысымыздағы барлық аудан, қалаларда енгізу жоспарланды. Жоба аясында 14927 адам 602,5 млн.теӊгеге шартты ақшалай көмекпен, оныӊ ішінде 2944 адам жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылатын болады. Нәтижесінде, кедейлік деӊгейін 6,0 пайыздан өсірмеу көзделуде", -деді А.Темірбаева.

Айта кетейік, "Өрлеу" жобасы 2015 жылы 4 өӊірде пилоттық жоба ретінде енгізіліп, 139 отбасындағы 913 адамға 23 млн. теӊге төленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны