05.08.2016, 18:27 5163

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Береке" бағдарламасымен жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде бір мыӊ шағын мал бордақылау алаӊын қаржыландыру жоспарланған

Сиыр етін өндіру үшін АШМ, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 5-20 ІҚМ басын бордақылайтын шағын мал бордақылау алаӊдарын қаржыландыруды жоспарлауда. Бордақылаудан кейін бұқалар тиісті құралдармен жабдықталған мал сою бекеттеріне тапсырылады. Мал сою бекеттері бордақылаумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауылшаруашылық кооперативтердіӊ негізінде ұйымдастырылады.

Астана. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 1 шілдедегі "2016 жылғы 1 жартыжылдықта индустрияландырудыӊ қорытындылары туралы" жиналыста айтылған халықты тиімді жұмыспен қамту және лайық табыс деӊгейін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі халықты жұмыспен қамтуды және ауылшаруашылық өнім көлемін арттыру бойынша бірнеше шаралар қарастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сиыр етін өндіру үшін АШМ, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 5-20 ІҚМ басын бордақылайтын шағын мал бордақылау алаӊдарын қаржыландыруды жоспарлауда. Бордақылаудан кейін бұқалар тиісті құралдармен жабдықталған мал сою бекеттеріне тапсырылады. Мал сою бекеттері бордақылаумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауылшаруашылық кооперативтердіӊ негізінде ұйымдастырылады.

2016 жылы бұл шараларды жүзеге асыруға "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ қаржысы бағытталады. Жыл басынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылпы көлемі 9,2 млрд. теӊгеге 3,7 мыӊ жобаны қаржыландырды. Оныӊ ішінде Оӊтүстік Қазақстан облысында 2,4 млрд. теӊгеге 913 қарыз алушы қаржыландырылған. Шағын несие ретінде берілген қаражаттыӊ 70% мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды.

ЖҚЖК 2020 қатысушыларын аталған бағытта қаржыландыру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан "Береке" бағдарламасы әзірленді.

Несиеніӊ мақсатты бағытталуы - ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау мен ауылшаруашылық өнім алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азық сатып алу болып табылады. Қарыздыӊ максималды сомасы - 3 миллион теӊгеге дейін, қарызды мерзімнен бұрын өтеген қатысушылар үшін - 5 миллион теӊгеге дейін, қарыздыӊ мерзімі - 4 жылға дейін. 500 мыӊ теӊгеге дейін қарыздар бойынша сыйақы үстемесі - жылдық 4,8%, 500 мыӊ теӊгеден асатын қарыздар бойынша - жылдық 6%. Жылдық тиімді сыйақы үстемесі - сәйкесінше, 5% және 6,7%.

Бегмурат Юнусалиев және Шахноза Тойчиева - Оӊтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округінініӊ тұрғындары. 2014 жылы олар Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 3 миллион теӊгеден шағын несие алып, әрқайсысы 20 бас ірі қара мал сатып алды. Сиырларды шаруашылықтарында қалдырып, бұқаларды бордақылап, жергілікті сауда орындарына тапсырады.

Республика бойынша 2016 жылы 55 мыӊға жуық мал басына арналған 7 мыӊнан астам шағын мал бордақылау алаӊы қаржыландырылады деп күтілуде. Бұл мақсатта 10,9 млрд. теӊге бағыттау жоспарланған. Оныӊ ішінде Оӊтүстік Қазақстан облысында - 7,9 мыӊ мал басына арналған 1000 отбасылық шағын алаӊ 3 млрд. теӊгеге.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігініӊ банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордыӊ негізгі міндеті - қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарыныӊ қол жетімділігін арттыру.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны