16.03.2018, 22:45 4042

Оӊтүстік Қазақстан облысында биыл 25 мыӊға жуық шаруа қожалық бірігеді

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы 54 млрд теӊгені құрайтын 49 инвестициялық жоба қаржыландырылады. Азық-түлік өнімдерініӊ экспортыныӊ көлемі - 350 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Сондай-ақ, "Даму" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 15 мыӊ гектарға артып, жалпы 833 мыӊ гектарға жететін болады

Шымкент. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы қосымша 24,9 мыӊ шаруа қожалық 102 кооперативке бірігетін болады. Нәтижесінде 2,7 мыӊ тонна ет, 34,2 мыӊ тонна сүт, 6 мыӊ тонна жеміс, 5 мыӊ тонна көкөніс дайындалады деп жоспарлануда. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, 3173 бірлік шағын мал бордақылау алаӊы, 731 бірлік жанұялық сүт ферма, 15 бірлік шағын құс фермасы және 7 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деп күтілуде.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, негізгі капиталға бағытталған инвестиция - 197 пайызға, ал тамақ өнімдеріне тартылған инвестиция 60 пайызға жеткізілмек.

"Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы 54 млрд теӊгені құрайтын 49 инвестициялық жоба қаржыландырылады. Азық-түлік өнімдерініӊ экспортыныӊ көлемі - 350 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Сондай-ақ, "Даму" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 15 мыӊ гектарға артып, жалпы 833 мыӊ гектарға жететін болады", - деді Серік Ордабекұлы.

Бұдан бөлек, интенсивті баулар - 800 гектарға, жүзім - 736 гектарға, жаӊғақ шаруашылығы қосымша 1000 гектар жерге отырғызу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жылыжай көлемі 200 гектарға артып, жалпы көлемі 1500 гектарға жуық аумақты қамтитын болады. Ал 13,8 мыӊ гектар суармалы жерлер жаӊадан айналымға қосылады. Тамшылатып суғару әдісі 7,2 мыӊ гектарға енгізіліп, оныӊ жалпы көлемі 65,7 мыӊ гектарға жетпек.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны