06.02.2008, 17:25 3206

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл бірқатар озық өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылады

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл бірқатар озық өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылады

Шымкент. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл бірқатар озық өнеркәсіп жобалары жүзеге асырылады. Соның арқасында экономиканың әртүрлі салаларында 12 мың жұмыс орны құрылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрғали Ишімовтың есеп беру баяндамасында көрсетілген. Облыстың басты озық жобасы ретінде "Ириесуй" кен орынын игеру, металлургия зауытын және жылу электр станциясын салу" көрсетілген. Сарапшылар бағалауынша, жобаның жалпы құны 1,3 млрд доллар. Өндіріске шамамен 30 мың адам қатысады. Жоба "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып іске асырылатын болады. "Акцияның 60 %-н "Оңтүстік" корпорациясына, қалғанын халыққа беру жөнінде ұсыныс бар", - деді әкім.

Екінші ауқымды жоба "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС өндірісін жөндеуден өткізу". Жобаның шамаланған құны - 450 млн $. Жоба мақсаты - экологиялық таза өнім шығару, жанармайдың Евро-3 стандарты бойынша сапасын арттыру.

"Химфарм" АҚ кәсіпорындарында GMP стандартына сай ампулалы, қатты және галенді дәрі-дәрмек өндіретін жаңа цехтар салу да озықтардың қатарына енгізілген.

Майлы трансформатор шығаруға арналған "гофроқабырғалар" жасау бойынша Кентау трансформатор зауытының жобасы және Шымкентте жылдық қуаты 40 мың тоннаны құрайтын битум зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құны - 155 млн теңге.

Сонымен бірге, бұрынғы фосфор зауытының аумағында HILL ЖШС-нің "премиум класс" мотор майларын шығару жобасы жалғасады. 120 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Мақта кластері өз дамуын жалғастырады. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында үш инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақұлданған: "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС - гигроскопиялық мақтаны, мақта целлюлозасын және мақта шикізатынан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндіруді жолға қою; "ҚазДемирТекстиль" ЖШС - мақта-мата жібін және түкті өнім түрлерін өндіруді жолға қою; "Oxy-Textile" ЖШС - кешенді автоматтандырылған жіп фабрикасы.

"Orta Asya Textille Sanayi" ЖШС-нің Шымкентте заманауи тоқыма фабрикасын ұйымдастыру жобасы республикалық озық жобалардың тізіміне енгізілген. "Мақта келісімшарты корпорациясы" АҚ "Сортты мақта тұқымын өндіретін зауыт салу" инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Икімнің айтуынша, экономиканың әртүрлі салаларында биыл жаңадан 11 мың 750 жұмыс орыны ашылады. Н. Ишімовтың пайымдауынша, жаңа өндіріс орындарының салынуы аймақ экономикасын дамудың жаңа, жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны