14.10.2016, 09:35 4765

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері" тақырыбында көшпелі жиын өткізілді

Шара кезінде депутаттар кеденшілердіӊ жұмыс барысымен танысып, тәуекелді басқару және "Электрондық шот-фактура" ақпараттық жүйелерін көрді.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен кеше ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментініӊ "Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекетінде "Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері" тақырыбында көшпелі отырыс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Гүлжан Қарағұсова бастаған Қаржы және бюджет комитетініӊ мүшелерініӊ алдында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ Төрағасы Дәулет Ерғожин баяндама жасап, кедендік рәсімдеу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелер мен салық және кеден заӊнамаларына өзгертулер енгізу жайында ой бөлісті.

Шара кезінде, депутаттар кеденшілердіӊ жұмыс барысымен танысып, тәуекелді басқару және "Электрондық шот-фактура" ақпараттық жүйелерін көрді. Сондай-ақ, кинологтар қызметтік иттерініӊ тосын жағдайда әрекет ету сәттерінен оқу-жаттығу жұмыстарын тамашалады.

Мұнан соӊ, халық қалаулылары "Оӊтүстік" индустриялық аймағында болып, ондағы көрме орталығын аралады. Индустриялық аймақта шығарылатын өнімдерді көріп, сапасын жоғары бағалады. Аталған аймақтыӊ серіктестік жетекшілермен кездескен жұмыс тобы кәсіпкерлердіӊ ісіне сәттілік тіледі.

"Болашақта Оӊтүстік Қазақстан облысында арнайы сауда орталығын ашу жоспарымыз бар. Онда тек Оӊтүстік өӊірінде жасалып, шығарылған өнімдер мен тауарлар ғана саудаланатын болады. Бұл өз кезегінде, біздіӊ облыста шығарылатын өнімдерді халыққа танытуда үлкен рөл атқаратын болады", - облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, өндіріс орындарын аралау кезінде Мәжіліс депутаттары шыныдан жасалған ыдыстар шығарумен айналысатын "Еврокристалл" ЖШС-нда болды. Жобалық қуаттылығы 60 млн. дана шыны шығаруға қауқарлы зауытта 150 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, халық қалаулылары "Оӊтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Бал Текстиль" кілем фабрикасыныӊ өнімдерін көрді. Жоғары сапалы кілем өнімдерін шығарумен айналысатын серіктестік жетекшілігі кілемдерді экспортқа көптеп шығару ісініӊ қолға алынып жатқанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны