11.10.2017, 15:44 4614

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Дайын бизнес" деген жаӊа бағдарлама іске асырылмақшы

Бағдарламаныӊ басты ерекшелігі - кәсіпкерден аванс ретінде алғашқы жарна алып бизнесті құру, сонымен "Дайын бизнесті" кәсіпкерге өткізіп, сол бизнестіӊ өзін кепілдік ретінде қабылдайды.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша еӊ белсенді облыстардыӊ бірі. Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардыӊ өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Еӊ бірінші себеп - бұл кепіл мүлкініӊ жоқтығы немесе жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу мақсатында "Оӊтүстік" инвестициялық орталығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - мен келіссөз жүргізіп, "Дайын бизнес" деген жаӊа бағдарламаны іске асырмақ.

Бағдарламаныӊ басты ерекшелігі - кәсіпкерден аванс ретінде алғашқы жарна алып бизнесті құру, сонымен "Дайын бизнесті" кәсіпкерге өткізіп, сол бизнестіӊ өзін кепілдік ретінде қабылдайды. Бұл процесс "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - нан қаржы тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Аталған бағдарлама аясында компания бірнеше бағыт бойынша жобалар әзірлеуде. Олардыӊ бірі жалпы аумағы 45 гектар болатын "Бадам" жылыжай өнеркәсіп кешенін құру. "Бадам" индустриалды аймағында орналасатын жылыжайдыӊ 70 пайызы жергілікті тауар өндірушілердіӊ тауарларымен жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өӊдеу және сатуға қауқарлы "Ауылдық сүт зауытын құру". Сүт зауыты - зертхана, сүт қабылдау бөлімі, тоӊазытқыш, жабдықтарды санитарлық тазарту, шағын дүкен сияқты бөлімдерден құралатын болады.

Осындай жүйе негізінде тәулігіне 1000 кг. шұжық өнімдерін өӊдеу және сатуға қауқарлы "Ауылдық шұжық цехын құру" жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске қосылатын дәрежеге жеткізіліп, "дайын бизнес" ретінде кәсіпкерге лизинг етіп ұсынылатын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны