06.12.2016, 15:59 4568

Оӊтүстік Қазақстан облысында еӊ үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентау қаласы мен Төлеби ауданында өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысында еӊ үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентау қаласы мен Төлеби ауданында өтті

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында еӊ үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентау қаласы мен Төлеби ауданында өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Айталық, "Ырыс" шағын қаржы ұйымы Кентау қаласындағы еӊ үздік кәсіпкерлерді марапаттады. Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына байланысты Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік саласыныӊ дамуында "Ырыс" шағын қаржы ұйымы арқылы өз ісін жандандырып, қосқан үлесі үшін өӊірдегі еӊ үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Кентау қаласында өтті.

Нақты айтқанда, Кентау қаласындағы таза ауыз су өндіру және ұйымдастыру жобасы "Үздік жоба" аталымы бойынша марапатталды. Жоба жас кәсіпкер Мұсаханов Изімханныӊ бастамасымен жүзеге асып отыр.

Жалпы құны 3 миллион теӊге болатын цехты ашу үшін аудан тұрғыны "Ырыс" ұйымынан 7 пайызбен несие алып, қажетті техникаларға тапсырыс берген. Мәселен, суды 8 сатылы сүзгіден өткізіп, ыдыстарға құятын аппараттар Қытайдан әкелінген. Жаӊа технологиялық цех күніне бір тонна тіршілік нәрін тазалай алады. Осылайша кәсіпкер 3 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Салиханов Икрам - Кентау қаласыныӊ тұрғыны. Кәсіпкер 2016 жылы "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ шеӊберінде "Диас" кондитер цехын ашты. Ол үшін қажетті 3 млн теӊгені "Ырыс" қаржы орталығынан 7 пайызбен несиеге алды.

Кәсіпкер бұл қаржыға цехқа қажетті пеш және басқа да заманауи жабдықтар сатып алған. Қазіргі кезде цех жұмыс жасап тұр. Мұнда бір күнде тәтті тағамдардыӊ 40 түрі пісірілсе, шығарылған өнім көлемі 130-140 келіні құрайды.

Мұнда пісірілетін тәттілер, дәмді тоқаштар, торттар, бауырсақтар мен самса, жұмсақ құймақтарға ауылдықтардыӊ сұранысы жоғары. Мұнда онға жуық қыз-келіншек жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына байланысты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлік саласыныӊ дамуына "Ырыс" микроқаржы ұйымы арқылы өз ісін жандандырып, жүзеге асырған және жеке кәсібімен ерекшеленіп, қосқан үлесі үшін өӊірдегі еӊ үздік 25 кәсіпкерді марапаттау шарасы Төлеби ауданында жалғасын тапты.

Өз ісін дөӊгелетіп отырған азаматардыӊ бірі Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық ауылыныӊ тұрғыны жеке кәсіпкер Оспанов Мықтыбек. Ол 2015 жылы "Ырыс" қаржы ұйымынан мал бордақылау мақсатында 3 млн. теӊге несие алып, осы қаражат есебінен мал алған. Бордақылаудыӊ бабын тапқан шаруа кәсібін дамытып отыр. Шаруашылығы жылдар өте келе іріленіп, бүгінде қорасындағы малдыӊ басы 50-ге жетіп отыр.

Келесі марапат иесі Алатау ауылдық округі Қорған ауылыныӊ тұрғыны өз ісіне адал, еӊбекқор, кәсібініӊ нәсібін көріп отырған - Зайтенов Тұрсынбай. Ол 2016 жылы қаржы ұйымынан 5 млн. теӊге несие алып, мал бордақылау ісін бастаған. Бордақылау мерзімі малдыӊ тұқымына қарай 2 айдан 4 айға созылады. Шаруаныӊ әр малы күніне 700-800 грамға дейін салмақ қосып отыр. Сондай-ақ, малдыӊ жем-шөбі жартылай өздерінен шықса, қалғанын сатып алады екен.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттіӊ қолдауы мен жәрдемі әрі қарай жалғаса берсе, сала еӊбеккерлері алдағы уақытта бұдан да үлкен табыстарға жетеріне шүбә жоқ.

Айта кетейік, 2016 жылы "Ырыс" МҚҰ" ЖШС арқылы Төлеби ауданында 45 жоба жалпы сомасы 143,0 млн. теӊгеге мақұлданды. Оныӊ ішінде 38 жоба 138,6 млн. теӊгеге қаржыландырueды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны