18.10.2016, 17:21 4185

Оӊтүстік Қазақстан облысында газдандыру жұмысы қарқын алуда

Республикалық бюджеттен бөлінген 776 миллион теӊгеге 4475 тұрғыны бар бірнеше елдімекенге "көгілдір отын" жеткізіле бастады. Шарбұлақ ауыл округіндегі бір көшеге газ толық кіргізілді.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында Қазығұрт ауданында елдімекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алуда,- деп хабарлайды KazakhstanToday.

Республикалық бюджеттен бөлінген 776 миллион теӊгеге 4475 тұрғыны бар бірнеше елдімекенге "көгілдір отын" жеткізіле бастады. Шарбұлақ ауыл округіндегі бір көшеге газ толық кіргізілді. Осыған орай кеше салтанатты шара өтіп, Қазығұрт ауданыныӊ әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды құттықтады.

"Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті жұмыстар атқарылуда. Сондай шараныӊ бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесініӊ қосылуы дер едім. Бұл - үлкен қуаныш. Исіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздыӊ жұмысын жеӊілдетеді. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыс жалғасады", - деді ол.

Шарбұлақ ауыл округініӊ төбе биі Амантай Құтымбет ақсақал Тәуелсіздік мерекесіне сый жасаған ел азаматтарына ризашылығын білдірді. "Шарбұлақ" жалпы орта мектебініӊ мұғалімі, Боранбай Смайылов көшесі, №1 үйдіӊ тұрғыны Қатира Жамалбекова да табиғи газдыӊ келуі жұмысты жеӊілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Аудан әкімдігініӊ хабарлауынша, жыл соӊына дейін тағы 17 елдімекенге табиғи газ жетеді деп күтілуде. Атап айтсақ, Жігерген ауыл округінен төрт, С.Рақымов ауыл округінен үш елді мекен, ал, Алтынтөбе және Тұрбат ауыл әкімдіктеріне қарасты сегіз ауыл жыл соӊына дейін газбен қамтылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны