31.10.2016, 13:16 6597

Оӊтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді

Таяуда өӊір экономикасыныӊ дамуына мол үлесін қосатын аталған саланыӊ кедергісіз дамуы үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ұсынылған 19 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында құны 32,2 млрд. теӊгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді. Оӊтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау - басты басымдықтағы жұмыстардыӊ қатарында. Таяуда өӊір экономикасыныӊ дамуына мол үлесін қосатын аталған саланыӊ кедергісіз дамуы үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ұсынылған 19 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд. теӊгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді.

Атап айтқанда, күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялық аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді май шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық тартымдылығын кушейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өӊірде 11 индустриялық аймақ құрылған.

Қазіргі таӊда, облыс бойынша индустриялық аймақтарда құны 201,3 млрд. теӊге құрайтын 166 жоба іске асырылуда.

Облыс әкімдігі кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдыӊ басынан бері әкімдіктіӊ 66 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлердіӊ жер беру туралы өтініштері қанағаттандырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны