14.10.2016, 07:29 5790

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ырыс" қаржы ұйымы арқылы "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 1003 жоба қаржыландырылған

Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында қаржы ұйымы 1003 жобаны 2,1 млрд.теӊгеге қаржыландырды. Оныӊ ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теӊгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн.теӊгеге 44 жоба; ал қызмет түрлері бойынша 150 млн. теӊгеге 71 жоба жүзеге асырылған

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Ырыс" қаржы ұйымы арқылы "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясында 1003 жоба қаржыландырылған. Бұл туралы кеше ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік "Жұмыспен қамту 2020" жол картасы бағдарламасы аясында өӊіріміздегі "Ырыс" микроқаржы ұйымыныӊ директоры Хилола Назарметова мәлімдеді.

Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында қаржы ұйымы 1003 жобаны 2,1 млрд.теӊгеге қаржыландырды. Оныӊ ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теӊгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн.теӊгеге 44 жоба; ал қызмет түрлері бойынша 150 млн. теӊгеге 71 жоба жүзеге асырылған.

"Биыл аталған бағдарлама бойынша облысқа 7,0 млрд.теӊгеден астам қаражат бөлініп, оныӊ 3,8 млрд.теӊгесі "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы таратылды. Ол жерде кәсіпкерлерге еӊ жоғарғы сома 3,0 млн.теӊгеге дейін берілді",- деді Х.Назарметова.

Айта кетейік, қаражатты алуға ниет білдірген азаматтар еӊ алдымен "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ талаптарына сай келу керек. Берілетін несиеніӊ еӊ жоғары сомасы 6,0 млн.теӊге, жылдық сыйақысы 7%, 54 айға дейін беріледі. Ал несие алушыларға қойылатын талаптары ретінде, бизнесті (жобаны) іске асыратын орныныӊ болуы, несие тарихыныӊ таза және соӊғы 12 ай ішінде төлемі кешіктірілген несиесі болмауы шарт.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны