10.10.2016, 09:55 4249

Оӊтүстік Қазақстан облысында ішкі туризм бойынша туристер саны 2016 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 77 099 адам болды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметініӊ мәліметінше, өӊірге сырттан келген туристер саны 2016 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 5293 адамды құрады, 2015 жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда (2015 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 3870 адам) өсім 1473 адам.

Шымкент. 10 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында туристерді орналастыру орындарыныӊ саны 149 бірлікті құрап, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 21 % өсіп, 123 бірлікке жетті. Бұл туралы "Ontustik Tourism-2016" Халықаралық туристік форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментініӊ директоры Марат Игалиев мәлім етті.

Туристерді орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер саны 82 392 адам болды, ал 2015 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында - 68135 адамды құраған, сәйкесінше, 2015 жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда өсім 14257 адам немесе 20% құрады.

Яғни, ішкі туризм бойынша туристер саны 2016 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 77 099 адам болды, 2015 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларымен салыстырғанда ( 64265 адам) 12 834 адамға немесе 19% өсті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметініӊ мәліметінше, өӊірге сырттан келген туристер саны 2016 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 5293 адамды құрады, 2015 жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда (2015 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 3870 адам) өсім 1473 адам.

Туристерді орналастыру орындарында туристерге көрсетілген қызмет көлемі 2015 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 431 235,9 мыӊ теӊгені құрады, талданған кезеӊге өсім қарқыны (320 599,4 мыӊ теӊге) 34,5% болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны