23.10.2016, 13:54 4163

Оӊтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет автоматтандырылады

2009 жылдан бастап 2016 жылдыӊ қыркүйек айы аралығындағы кезеӊде облыс әкімдігініӊ аталған қаржылық институттары 41,6 млрд.теӊге сомаға, оныӊ ішінде 19,4 млрд.теӊгесі облыстық бюджет қаржысынан жасақталған жарғылық капиталдыӊ есебінен шамамен 14 мыӊ жобаны жүзеге асырды.

Шымкент. 23 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Сапар барысында өӊір басшысы Орталықтыӊ қызметімен танысып, кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету бойынша құрылған жүйеге оӊ баға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар шеӊберінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен мемлекеттік органдармен ықпалдастық барысында кәсіпкерлер тап болатын басты проблемалар туралы талқыланды. Өӊірдегі кәсіпкерлік саласындағы ахуалмен танысқан әкім кәсіпкерлер жиі айтатын әкімшілік кедергілер проблемасына ерекше тоқталып өтті. Бұл проблемаларды жүйелі түрде шешу қажеттігін ескере отырып, әкім оларды өзініӊ айрықша бақылауына алды және мәселелердіӊ шешімін өӊір кәсіпкерлерімен кездесу барысында жан-жақты талқылауды ұсынды.

Сонымен бірге өӊірдіӊ жаӊа басшысы кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет бойынша өтінімніӊ орындалу барысын "онлайн" режимінде бақылап отыруға және құжаттарды дайындаудыӊ түрлі кезеӊдері үшін жауапты тұлғаларды көріп отыруға мүмкіндік беретін электрондық база құруды тапсырды. Бұл жүйе құжаттыӊ дер кезінде орындалмауына автоматты түрде жауап қатып, мерзімді бұзуға жол берген тұлғаларды анықтап отырады. Тұтастай алғанда жүйе кәсіпкерлердіӊ мемлекеттік органға жүгінуі барысында адами факторды алып тастауға және талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімін оӊтайландыруға мүмкіндік тудырады.

"Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігі жанынан 2012 жылы Шымкент қаласында құрылып, кейін оныӊ филиалдары өӊірдіӊ барлық аудандары мен қалаларында ашылған болатын. Орталық ашылған сәттен бері 100 мыӊнан астам кеӊес беріліп, 27 мыӊ адам кәсіпкерлік тақырыбы бойынша дәрістерден өтті, шамамен 10 мыӊ кәсіпкер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ қолдауымен рұқсаттама құжаттарын рәсімдеді, 3 мыӊнан астам бизнес жоспар жасалды, орталықтыӊ сүйемелдеуімен 3,7 мыӊ жоба 36 млрд.теӊге сомаға қаржыландырылды.

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы орталық республика бойынша алғашқылардыӊ бірі болып ашылған үлгілік орталық екенін айта кеткен жөн. Қазір Оӊтүстік Қазақстан облысындағы орталық құру тәжірибесін елдіӊ басқа өӊірлері зерделеп, өз жұмыстарына басшылыққа алуда.

Сондай-ақ, облыс әкімі сапар барысында "Оӊтүстік" өӊірлік инвестициялық орталық" ЖШС мен "Ырыс" микроқаржылық ұйымы" ЖШС іс-қызметімен де танысты.

Бүгінгі жағдаймен "Оӊтүстік" өӊірлік инвестициялық орталық" ЖШС мен "Ырыс" микроқаржылық ұйымы" ЖШС-ніӊ жеӊілдетілген шарттармен несиелендіру және шағын несиелендіруі Оӊтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығын дамытуда айрықша әлеуметтік-экономикалық маӊызға ие болып отыр. 2009 жылдан бастап 2016 жылдыӊ қыркүйек айы аралығындағы кезеӊде облыс әкімдігініӊ аталған қаржылық институттары 41,6 млрд.теӊге сомаға, оныӊ ішінде 19,4 млрд.теӊгесі облыстық бюджет қаржысынан жасақталған жарғылық капиталдыӊ есебінен шамамен 14 мыӊ жобаны жүзеге асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны