06.02.2014, 22:09 4803

Оңтүстік Қазақстан облысында көкөністерді кептіру өндірісімен айналысатын зауыт ашу жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысында көкөністерді кептіру өндірісімен айналысатын зауыт ашу жоспарлануда

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ресейлік "Dry food" ("Dry food" - көкөністерді кептіру өндірісімен айналысатын ірі ресейлік компания) компаниялар тобының бас директоры Семен Ганич бастаған компания өкілдерінің арасында іскерлік кездесу өтті.

"Шымкент Инновация" ЖШС хабарлағандай, басқосу барысында ресейлік өндірушілер көкөніс пен жемістерді кептіру нәтижесінде дайын болатын өнімді өндіру бойынша инвестициялық жобамен таныстырды. ОҚО көкөніс пен жемістер өсіру бойынша бай аймақ болу себебінен, ресейлік компания облыста жемістерді кептіру зауытын салуға тілек білдірді.

Аталған жобаны іске асыру нарықты жыл бойы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өнім ерекшеліктерінің бірі оның құрамында табиғи элементтердің барлығы да толығымен сақталады, ал консерванттар мен басқа да қоспалар қосылмайды. Сондықтан бұл кептірілген көкөністерді экологиялық өнімдер санатына жатқызуға болады.

Илемдік көрсеткішке сүйенсек, АҚШ-да 20%, Еуропа мемлекеттерінде 16% көкөніс пен жемістер кептіріледі, ал Ресейде бұл көрсеткіш 1 %-ды ғана құрайтыны белгілі болды. Семен Ганичтың пайымдауынша, өңірде аталмыш өндірісті дамыту үшін бар жағдайлар мен мүмкіндіктер бар.Сондықтан да ОҚО Ресей нарығын шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі өңірлердің бірі бола алады.

Сондай-ақ, қалдықсыз өндірісті жүзеге асыру мен дамыту екі жаққа да тиімді болмақ. Сонымен қатар, Ганич мырза зауыттардың құрылысын жүргізудегі консультативтік кеңес беруді және дайын өнімнің 100%-дық сатылымын қамтамасыз етуді компания өз мойнына алатындығын жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны