14.10.2016, 09:33 4659

Оӊтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ көшпелі отырысы өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Онда аталған комитеттіӊ төрайымы Гүлжан Қарағұсаваныӊ төрағалығымен "Бюджетаралық реттеудіӊ негізгі функцияларыныӊ бірі ретінде өӊірдіӊ бюджеттік қамтамасыз етілуін теӊестіру және салықтық әлеуетініӊ өсуін ынталандыру" мәселесі қаралды.

Көшпелі жиынға Қаржы министрлігініӊ мемлекеттік кіріс комитетініӊ төрағасы Д.Ерғожин мен ҚР Парламенті Мәжілісініӊ 12 депутаты және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Отырысты ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көшпелі жиынныӊ маӊыздылығына тоқталып, жұмысына сәттілік тіледі.

"Бүгінгі отырыста талқыланатын мәселе өте маӊызды, себебі өӊіріміздіӊ бюджеті республика бойынша еӊ үлкен бюджет. Тек соӊғы 7 жылда облыс бюджеті 2,5 есеге өсіп 559 млрд. теӊгеге жетті. Осыған орай, біздіӊ басты міндет бюджеттен жұмсалған әр теӊгеніӊ облыс экономикасына тигізетін әсерініӊ нәтижелі болуын ұйымдастыру. Себебі, бюджет қаражаты есебінен облыс халқыныӊ көптеген әлеуметтік-экономикалық маӊызды мәселелері шешіледі", - деді аймақ басшысы.

Жиында баяндама жасаған комитет мүшесі Омархан Өксікбаев бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ оларды одан әрі жетілдіру бағыттарын дұрыс таӊдауды қамтамасыз ету - біздіӊ ортақ жұмысы екенін жеткізді.

"Бюджетаралық қатынастар - өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару құралдарыныӊ бірі, сондықтан олар өӊірдіӊ даму мақсаттарымен және міндеттерімен үйлесімді болуға тиіс. Бюджетаралық қатынастардыӊ қалыптасқан жүйесінде бір нәрсені өзгерту үшін салмақты дәлелдер мен оны өзгерту бойынша ұсыныстар қажет", - деді О.Өксікбаев.

Сонымен қатар, күн тәртібінде облыс әкімініӊ орынбасары Е.Садыр сөз алып, өӊіріміздегі бюджеттіӊ атқарылу барысы туралы баяндады. Айтуынша, 2014-2016 жылдарға республикалық бюджеттен жалпы 765,7 млрд. теӊге, оныӊ ішінде 2014 жылы - 254,7 млрд. теӊге, 2015 жылы - 255,2 млрд. теӊге, 2016 жылы - 255,8 млрд. теӊге көлемінде субвенция бөлінген.

Айта кетейік, бюджетті жоспарлау мен орындау механизмдерін тұрақты жетілдіру нәтижесінде облысымызда Егемендік алған жылдардан бері, 1491 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деӊгейі 14%-дан 83,3%-ға жетті. Сондай-ақ, осы жылдарда облысымызда 444 жаӊа мектептер салынып, 117 аппатты мектептердіӊ мәселесі шешілді. Денсаулық сақтау саласында 347 жаӊа нысандар пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облысымызда 8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыӊнан астам отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен қамту 51,9%-дан 71,3%-ға және газбен қамту - 33,1%-дан 57,2%-ға жетті. Ерекше көӊіл бөліп айтатын мәселе, өӊіріміздіӊ экономикасына бюджет есебінен көрсетілген қолдау нәтижесінде жұмыссыздық деӊгейі 11,4%-дан 5,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар, мұғалімдердіӊ, денсаулық сақтау және жалпы алғанда барлық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерініӊ еӊбекақысы көбейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны