24.06.2009, 15:41 2697

Оңтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды ору науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды ору науқаны басталды

Шымкент. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды жинау науқаны басталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков "Қазақстан Бүгін" агенттігіне хабарлады.

"Жиын-терім жұмыстары жақында ғана басталды, алғашқы орақта бір гектардан 20 - 40 центнер жиналды. Биылғы түсім айтарлықтай. Жалпы алғанда шығымдылық өткен жылғыдан екі есе артық болады деп үміттенеміз. Тұтастай алғанда 340 мың тоннадан кем емес астық жинауды жоспарлап отырмыз", - деді Қ. Оспанбеков.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста 167 мың гектарға тұқым себілді.

Ал былтыр 148 мың гектарға тұқым себілген. Көктемде қуаңшылық болуға байланысты жаздық және күздік дақылдардың шығымдылығы бір гектардан орта есеппен 9,6 центнерді құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны