15.10.2009, 14:13 1731

Оңтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды өткен жылғыдан 25 мың гектарға артық егу жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысында күздік дақылдарды өткен жылғыдан 25 мың гектарға артық егу жоспарлануда

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында күздік масақты дақылдарды егу науқаны басталды. Биыл күздік дақылдарға арналған егістік алқабын 25 мың гектарға арттыру көзделуде. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының өсімдік, су шаруашылығы және механизация бөлімінің бастығы Қарсыбек Ертуов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл біз күздік дақылдар егілетін алқапты 160 мың гектардан 185 мың гектарға дейін жеткізбек ниеттеміз. Қазір күздік дақылдар егісі басталды. Облыста 17 мың 800 гектарға егін егіліп, 112 мың гектар алқап жыртылды", - деді Қ. Ертуов.

Оның айтуынша, "айдың аяғына дейін дихандар егінді аяқтайды".

"Күздік дақылдарға арналған аумақтар 2009 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ұлғайтылуда. Үш жылда күздік дақылдарды 160 мың гектардан 200 мың гектарға дейін ұлғайту көзделуде. Біздің дихандар мұндай көлемді игере алады. Мемлекет те көмектесіп отыр", - деді Қ. Ертуов.

ОҚО ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыста 11 ауданның төртеуінде - Қазығұрт, Толе би, Бәйдібек және Түлкібас аудандары егіншілікке мамандануда. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында егін егіледі.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 369 мың тонна масақты дақылдар жиналды, бұл былтырғыдан екі есе артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны