27.05.2008, 17:19 3058

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егінін бұршақ зақымдады

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егінін бұршақ зақымдады

Шымкент. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында диқандар бұршақ ұрып кеткен мақта тұқымын қайта себуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков хабарлады.

"Биыл облыстың оңтүстігінде жаңбыр жаумаған. Енді, міне, қатты бұршақ араласқан жауын жауды. Екі мың гектар жерге мақта қайта себілді. Ол жұмыстар әлі де жалғасуда. Соған қарамастан, кеше Мақтаарал ауданында тағы бұршақ жауған. Келген шығынды әлі есептеген жоқпыз", - деп хабарлады Қ. Оспанбеков.

Егіс алқаптарын бұршақ зақымдаған мақта егушілер қайта егу кезінде солярка мен тұқымның қымбаттығы, кейде тіпті табылмауы түріндегі қиыншылықтармен кездескендерін хабарлады. "Егудің оңтайлы уақыттары кетіп бара жатыр. Солярка іздеп жүрміз. Ал тұқымды жоғары бағамен, килосына 100 теңгеден жоғары бағамен сатып алуға тура келді. Ешкім бұлай болады деп ойлаған жоқ қой. Сондықтан өздерімізге аз қалдырғанбыз", - деді Мақтаарал ауданының Қарақай ауылдық округінің "Кетебай" кооперативінің төрағасы Сади Бекенов.

Ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс бойынша барлығы 162 мың гектар жерге мақта егілген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 196 мың гектардан асқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны