05.10.2009, 12:54 1580

Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның жаппай жиын-терімі басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның жаппай жиын-терімі басталды

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның жаппай жиын-терімі басталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл мақтаның жаппай жиын-терімі әдеттегіден біршама жайырақ басталды. Былтыр осы уақытта 98 мың тоннасы жиналып қойған болатын, биыл бұған дейін тек ішінара ғана мақта жиналған болатын. Бүгінгі күні 8 мың тоннасы ғана жиналды", - деді Қ. Оспанбеков.

Оның айтуынша, биыл мақтаның түсімі өткен жылғыдан төмен болады деп болжануда. Бұл бірқатар себептерге байланысты.

"Егер күн райы жақсы болса, орташа шығымдылық бір гектардан шамамен 20 центнер болмақ", - деді Қ. Оспанбеков.

Басқарманың мәліметінше, биыл мақта 140 мың гектарға егілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны