17.10.2016, 17:48 4395

Оӊтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі 4,9%-ға артты

2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағаларда 574239 млн. теӊгені құрады, бұл 2015 жылғы қаӊтар- қыркүйектен 4,9% артық.

Шымкент. 17 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағаларда 574239 млн. теӊгені құрады, бұл 2015 жылғы қаӊтар- қыркүйектен 4,9% артық.

Облыстыӊ статистика департаменті хабарлағандай, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі - 4,1%, өӊдеу өнеркәсібінде - 12,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда - 6,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардыӊ жиналуын және таралуын бақылауда - 10,1% артты.

2016 жылғы қаӊтар-қыркуйекте ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы өнімініӊ (қызметініӊ) көлемі 319627,1 млн. теӊгені құрады, бұл 2015 жылғы қаӊтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,7%-ға артты, оныӊ ішінде мал шаруашылығы - тиісінше - 150300,7 млн. теӊге және 2%-ға артық, ал өсімдік шаруашылығы - 168582,4 млн. теӊге және 0,4%-ға кеміді, қызмет көлемі - 744 млн. теӊге және 100% құрады.

Осы кезеӊде темір жол көлігінен басқа көліктіӊ барлық түрлерініӊ жүк айналымыныӊ көлемі жеке кәсіпкерлердіӊ жүк айналымын қоса есептегенде 6233,4 млн. ткм құрап, бұл 2015 жылғы қаӊтар-қыркүйек деӊгейіне 99,6% құрады. Облыста 385,2 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2015 жылғы қаӊтар-қыркүйекке қарағанда 110% құрады. 2016 жылғы 1 қазанға жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерініӊ саны 178452 бірлікті немесе 2015 жылғы тиісті кезеӊге 95,6% құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны