15.01.2009, 17:57 3318

Оңтүстік Қазақстан облысында өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты екі цемент зауытының жұмысы тоқтатылды

Оңтүстік Қазақстан облысында өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты екі цемент зауытының жұмысы тоқтатылды

Шымкент. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты "Шымкентцемент" және "Састөбецемент" екі цемент зауытының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басты салалар бөлімінен хабарлады.

"Осы аптада Шымкент цемент зауыты техникалық жөндеуге тоқтады. Састөбе цемент зауыты да тоқтап тұр. Бұл қалыпты жағдай: зқыста цементке деген сұраныс азайған кезде кәсіпорындар жөндеуге жабылады", - деді бөлім қызметкері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны