03.04.2018, 14:52 4255

Оӊтүстік Қазақстан облысында өӊірлік инвестициялық кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті

Сондай-ақ, облыс әкімдігіне қарасты барлық басқармалар мен құрылымдар инвесторлармен жұмыс істеуде мәдинетті және барлық талаптарға лайықты болуы тиіс. Іске қосылғалы отырған кәсіпорындарды қажетті инфрақұрылымдық жүйелермен дер кезінде қамтуға негізгі басымдық берілуі керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкент. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы мен Үкіметтіӊ тапсырмаларын уақытылы және тиісті деӊгейде орындау - барлығымыз үшін басымды бағыт болуы тиіс. Осы тұрғыдан облысымызға инвесторларды тарту мен инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылған өӊірлік кеӊестіӊ жұмысын одан әрі жандандыру қажет. Бұл туралы өӊірлік инвестициялық кеӊестіӊ отырысында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Жиын барысында өӊір басшысы экономиканы әртараптандыру және оны дамыту үшін инвесторларға қолайлы ахуал жасау, инвестиция саласына байланысты нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Кеӊесте Үкімет басшысыныӊ қатысуымен өткен жиында облысымызда жүзеге асырылып отырған жобалардыӊ іске асу барысы талқыланды.

"Оӊтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ. Басқа салаларда да басымдықтарға иеміз. Сондықтан "Kazakh Invest" акционерлік қоғамыныӊ өӊірлік филалыныӊ жұмысын күшейту қажет. Елордамыз Астана қаласы мен басқа өӊірлерде өтіп жатқан халықаралық маӊызға ие бизнес шараларға белсене қатысып, инвесторларды тартуға ықпал етуі керек. Сондай-ақ, облыс әкімдігіне қарасты барлық басқармалар мен құрылымдар инвесторлармен жұмыс істеуде мәдинетті және барлық талаптарға лайықты болуы тиіс. Іске қосылғалы отырған кәсіпорындарды қажетті инфрақұрылымдық жүйелермен дер кезінде қамтуға негізгі басымдық берілуі керек", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кеӊес барысында облыс әкімі "Аsia Trafo", "Gold Aluminum", "Green Technology", "Golden Camel Group Ltd" компанияларыныӊ басшыларыныӊ өтініш-тілектерін тыӊдады. "Аsia Trafo" ЖШС директоры Серғазы Күнтуаров электр мен газ қажеттігін жеткізсе, "Green Technology" Жеӊісбай Сұлтанов қондырғыларды іске қосуға келетін шетелдік мамандардыӊ виза мәселесін көтерді. "Golden Camel Group Ltd" компаниясыныӊ басшысы Ли Хуэй биылғы жақын арада 30-ға жуық жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдайтынын жеткізді. Осы ретте сөз алған облыс әкімі құрғақ шұбат өндіретін кәсіпорынға қажетті түйе сүтініӊ көлеміне алаӊдаушылық білдірді. Оныӊ 9 мыӊы ғана аналық саналады.

Жалпы Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда облысытарындағы түйе саны 70 мыӊнан асады. Осыны ескерген өӊір басшысы алдағы уақытта өзге облыстармен де тығыз байланыс орнатып, зауыттыӊ қажеттілігін орындап отыруға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшыларына өӊіріміздегі түйе шаруашылығын дамыту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны