06.12.2016, 18:09 4184

Оӊтүстік Қазақстан облысында отандық өнімдер көрмесі өтті

Тәуелсіздік аланнан кейінгі жетістіктерді паш ету, отандық өнім өндіруші шағын және орта бизнес өкілдерін халыққа кеӊінен насихаттау және жергілікті өнімдердіӊ брендін қалыптастыру мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Қазақстанда жасалған" атты көрме өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отандық тауар өндірушілердіӊ өнімдері қойылған көрме жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардыӊ қызығушылығын оятты.

Бұл іс-шара "Отандық өнімді қолдаймыз!" тақырыбындағы жастардыӊ флешмобынан бастау алды. Тәуелсіздік аланнан кейінгі жетістіктерді паш ету, отандық өнім өндіруші шағын және орта бизнес өкілдерін халыққа кеӊінен насихаттау және жергілікті өнімдердіӊ брендін қалыптастыру мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысты. Ол сала өкілдері мен отырарлықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

"Қазақстанда жасалған өнімдер халықтыӊ көз алдында тұруы тиіс. Қолжетімді болғаны жөн. Отандық және ауданымыздыӊ тауар өндірушілерініӊ өнімдері тұрған сөрелерге "Қазақстанда жасалған" деген белгі қойылып отыр. Осылайша, біз жергілікті өнімдерге қолдау көрсетудеміз. Отандық өндірушілердіӊ тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. Барлық отырарлықтарды қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Осы арқылы ел экономикасыныӊ дамуына үлес қосасыздар",-дедіЕрлан Айтаханов.

Бүгінде Отырар ауданыныӊ шұбаты еліміздіӊ түкпір-түкпіріне сатылымға шығарылуда. Өзге де өнімдер өндірілуде. Көрме барысында ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ кәсіпкерлерге аудан әкімініӊ Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны