28.09.2016, 12:24 4652

Оӊтүстік Қазақстан облысында полиэтилен бұйымдарын қайта өӊдейтін зауыт ашылады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы "Бадам" индустриялық аймағында полиэтилен бұйымдарын қайта өӊдейтін жаӊа зауыттыӊ іргетасы қаланды. Инвестиция құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мыӊ тонна өнім өндіреді деп күтілуде, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы "Бадам" индустриялық аймағында полиэтилен бұйымдарын қайта өӊдейтін жаӊа зауыттыӊ іргетасы қаланды. Инвестиция құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мыӊ тонна өнім өндіреді деп күтілуде, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ірі өндіріс орныныӊ қазығын қағу салтанатты шарасына шетелдік бірқатар ірі компаниялардыӊ өкілдері қатысты.

Еске салайық, бұл жоба осы жылдыӊ 28-29 сәуірінде өткен "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеӊберінде жүзеге асып отыр.

Аталған жобаны әлемге танымал шетелдік HONGKONG TIANRUN CO.,LTD ірі өндіріс компаниясы облыс әкімдігімен және Green Technology Industries компаниясымен бірлесе отырып салмақ. Бүгінде бұл компания 70 мемлекетте өндіріс орындарын ашып үлгерген.

Өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикасыныӊ дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстық мәслихаттыӊ сессиясында облыс әкімі атап өткендей, басым бағыттардыӊ бірі - инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне ресми іссапарлар ұйымдастырылуда.

"Бүгінгі таӊға шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда",- деді Б.Атамқұлов.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теӊгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теӊге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теӊгеге артты.

"Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны