06.06.2008, 13:04 1393

Оңтүстік Қазақстан облысында себілген мақта көлемі өткен жылғыдан 30 мың гектарға кем болды

Оңтүстік Қазақстан облысында себілген мақта көлемі өткен жылғыдан 30 мың гектарға кем болды

Шымкент. 6 мауым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында мақта себу жұмыстары өткен жылдан екі аптаға кеш аяқталды. Бұл туралы журналистерге ОҚО ауылшаруашылық департаментінде хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, себу жұмыстары маусымның басында аяқталды. Жалпы 164 мың гектар себілді, ал өткен жылы мақта алқаптарының көлемі 200 мың гектарды құрады. Биылғы жылы мақта алқаптарының азайюы суармалы судың нашар қамтамасыз етілуінен туындады, осыған байланысты көптеген шаруашылықтар егіндік алқаптарды дайындай алмады.

Бұдан бұрын хабарлағанындай, биылғы жылы қайта себілген алқаптар көлемі тым жоғары болды. Мысалы Мақтаарал ауданы әкімдігінің деректері бойынша, себілген 100 гектардың әрбір үшіншісі қайта себілуі тиіс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны