15.10.2007, 12:12 1682

Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта түсімінің жартысынан астамы жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта түсімінің 52 пайызы жиналды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауылшаруашылық департаментінің өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы Сәрсенби Мырзаев хабарлады.

Шымкент. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта түсімінің 52 пайызы жиналды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауылшаруашылық департаментінің өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы Сәрсенби Мырзаев хабарлады.

"Бүгінде 213,7 мың тонна шикі мақта жиналды, бұл көрсеткіш жоспарланған түсімнің 52 пайызын құрайды",- деді С. Мырзаев.

Өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығының айтуынша, осу маусымда 405 мың тоннаға жуық шикі мақта жинау жоспарланған. "Бұл былтырғы көрсеткіштен сәл аздау, бірақ осы маусымда ауа райы өте қиын болды, көктемдегі жаңбырдың салдарынан көп егін алқабына мақтаны қайта егуге мәжбүр болдық", - деп түсіндіріп өтті С. Мырзаев.

Өсімдік шаруашылығының бастығы сондай-ақ, мақта өңдеуші құрылымдардың шикі мақтаның бір килограммын 58- 62 теңге аралығында сатып алып жатқандығын хабарлады. "Азық-түлік келісім шарты корпорациясы 62 теңгеге дейін төлеуде",- деді С. Мырзаев.

"Енді ең бастысы ауа райы біразға дейін жақсы болып, диқандарға егін алқабынан түсімді жинап алуға мүмкіндік берсе",- деді С. Мырзаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны