13.03.2007, 18:24 3440

Оңтүстік Қазақстан облысында су арналарын қалпына келтіру есебінен ауылшаруашылығына арналған суармалы жердің аумағы өседі

ШЫМКЕНТ. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында су арналарын қалпына келтіру есебінен суармалы ауылшаруашылық жерлердің аумағын өсіру жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану департаментінің су ресурстарын реттеу және қорғау бөлімінің бастығы Ерқуат Байзақов хабарлады.

"Коммуналдық меншіктегі сушаруашылығы нысандарының жұмыс істеу жағдайын қамтамасыз ету" бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 19 арна қалпына келтіріледі. Кеше жалпы қаржыландыру сомасы 60 млн теңгені құрайтын сегіз арнаға бірінші тендер өткізілді. Жарты айдан кейін тазарту жұмыстары басталады",-деді Е. Байзақов. "Ірі шаруашылықаралық арналарды тазарту нәтижесінде 10 мың гектар жерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту және 2 мыңнан астам гектар жерді ауылшаруашылық айналымына тарту, сондай-ақ 120 шақырым арнаның су өткізу мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде",- деп қосты бөлім бастығы.

Е. Байзақовтың сөздеріне сүйенсек, 2007 жылы бұл бағдарламаны орындауға барлығы 110 млн теңге бөлінген.

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын, 500 мың гектардан астам ауылшаруашылық жерді сумен қамтамасыз ететін Қазақстандағы ең ауқымды суғару желісі бар. Арналардың жартысынан астамы жеке меншікте. Республикалық және коммуналдық меншікте тек қана ірі магистральді, шаруашылықаралық суғару арналары ғана бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны