05.01.2007, 19:32 3999

Оңтүстік Қазақстан облысында технопарк құрылады

ШЫМКЕНТ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев ғалымдарға аймақта технопарк құру міндетін жүктеді. Бұл туралы ол бүгінгі ғылыми қызметкерлермен кездесуінде хабардар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ө. Шүкеев Қазақстанда төрт технопарктің дамып келе жатқанын еске сала кетті. "Мен олардың тәжірибелерімен таныстым, менің пікірімше ең сәтті, дұрыс және жүйелі тәжірибе Оралда, бұл "Алгоритм" технопаркі",- деді ОҚО әкімі. Ол ғалымдарды облыста осы тектес технопарк құруға шақырды.

Облыс басшысы аймақта "қандай профильдің болатындығын анықтап алу қажет" екендігін атап өтті. "Бізде фармацевтикалық сала айтарлықтай жақсы дамуда, мұнай өңдеуші зауыттар да жақсы жұмыс істеуде. Біздегі мазутта, ауыр фракциялардың құрамында көптеген бағалы материалдар кетіп жатыр",- деді Ө. Шүкеев. "Сонымен қатар, бізде мақтаның жаңа сұрпын селекциялау әдісімен емес, генетикалық деңгейде үлгілеу әдісімен дамыту мүмкіндігіміз бар",- деді ол.

Сондай-ақ, әкім облыста "бір күшті басымдылықтың - еркін экономикалық аймақтың бар екендігіне" назар аударды. "Біз технопаркті ЕЭА аумағына орналастыра аламыз, осыған сәйкес, әрине бізде салық та болмайды", - деді Ө. Шүкеев. "Сондықтан да, Орал екі жылда өтсе, меніңше, біз бір жылда еркін өтіп кетеміз",- деген пікірін білдірді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны