23.07.2007, 17:12 2944

Оңтүстік Қазақстан облысында тыңайтқыштарды тасымалдауда қиыншылықтар тууда - Мақтаарал ауылдық округінің әкімшілігі

ШЫМКЕНТ. 23 - шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығының тауар өндірушілері тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелері қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Бұл туралы Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Қанапия Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мақта өсіру үшін селитра керек, бірақ оны ешқайдан сатып ала алмайсың",- деп атап өтті Қ. Сыздықов. Оның айтуынша, бұрындары селитра үлкен көлемде Өзбекстаннан әкелінетін, бірақ енді оны тасымалдауда қиыншылықтар бар.

Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Қанапия Сыздықов осы орайда үстіміздегі жылы минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан қолдау көрсету тәртібі өзгергендігін еске сала кетті. Бұрындары шаруаларға мемлекет жеңілдетілген бағамен тыңайтқыштар берсе (өткен жылы 25 мың тонна берілген), енді гектар есебі бойынша ақша бөлініп, тыңайтқыштарды фермерлер өздері сатып алады, деп атап өтті ол.

"Шаруалар тауар өндірушілерді қолдаудың бұрынғы жүйесін қайтару туралы пікірлерін де білдіріп жатыр, ол жүйе бойынша минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағармайды алуға кепілдік берілетін",- деп атап өтті Қ. Сыздықов.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары Тасболат Есімов агенттік тілшісіне, тыңайтқыштардың жетіспеушілігіне қатысты проблемалар шешілу үстінде екендігін хабарлады.

"Иә, мұндай проблема туындап отыр, бірақ қазіргі нарық заманында ол жеңіл шешімін табады. Егер сұраныс болса, онда ұсыныс та болады. Менің білуімше бірнеше фирма облысқа тыңайтқыштар тасымалдаумен және сатумен айналысады",- деп атап өтті Т. Есімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны