11.05.2018, 23:30 3224

Оӊтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібіне арналған Өзбекстанмен бірлескен көрме өтуде

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын "Азала текстиль" фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар жұмыс істейді.

Шымкент. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласында "Оӊтүстік Қазақстан-Өзбекстан" тоқыма өнеркәсібі өнімдерініӊ көрмесі басталды. Көрмеге тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оӊтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысуда.

Бауырлас халық арасында ұйымдастырылған көрме жұмысымен облыс әкімі Ж.Түймебаев танысып, екі елдіӊ өзара ынтымақтастық қарым-қатынасыныӊ және сауда - экономикалық байланысыныӊ бұдан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Екі күнге жалғасатын шара - Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам. Қазіргі таӊда екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас артып отыр. Мәселен, өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымыныӊ көлемі 2,0 млрд. АҚШ долларына жетсе, оныӊ 30 пайызы Оӊтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Яғни, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналым 16,8 пайызға артып, 622,6 млн. АҚШ долларын құрады. Оныӊ ішінде сәйкесінше экспорт - 252,8 млн. АҚШ долларын (өткен жылға қарағанда өсім - 29,7%), импорт - 369,8,8 млн. АҚШ долларын (өткен жылға қарағанда өсім - 9,4%) құрады.

Бұдан бөлек, осы күндер ішінде Өзбекстанныӊ Қазақстандағы күндері аясында жоспарланған іс-шаралар шеӊберінде кәсіпкерлер мен, инвесторлардыӊ қатысуымен "Аймақтық ынтымақтастық және интеграция: өткізу нарығын кеӊейту арқылы екі елдіӊ кәсіпкерлерініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру" атты ғылыми-тәжірибелік дөӊгелек үстел ұйымдастырылады.

Бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан облысындағы мыӊнан астам кәсіпорындар мен мекемелер сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және құрылыс материалдары, медицина және білім саласында Өзбекстан кәсіпкерлерімен табысты ынтымақтастық ортантқан.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын "Азала текстиль" фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар жұмыс істейді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны