06.06.2008, 19:14 3330

Оңтүстік Қазақстан облысында ұн экспорты іс жүзінде тоқтатылды

Оңтүстік Қазақстан облысында ұн экспорты іс жүзінде тоқтатылды

Шымкент. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында үш мың тоннадан астам ұн тиеліп, экспортқа шығаруға рәсімделгенімен, темір жолдағылар оны жіберуге кедергі келтіруде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстың ұн өндіруші кәсіпорындарының жетекшілері мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір теміржолдағы вагондарда мың тоннадан астам ұн тұр. Вагондарға ұн тиеліп, кедендік рәсімделіп, темір жолшыларға тапсырылған. Алайда, қазір "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның шымкенттік бөлімінің басшылығы вагондар жіберілмейтінін және біздің оны түсіріп алуымыз қажет екенін мәлімдеді", -деді "Алтын дән" ЖШС директорының орынбасары Мұрат Айкеев.

Ұн өндіруші кәсіпорындардың жетекшілерінің айтуынша, темір жол өкілдері ешбір түсінік бермей, вагондарды жіберуге тыйым салуға негіз болатын ешбір ресми құжатты көрсете алмай отыр.

Ұн өндірушілердің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында ұн өндіретін 22 кәсіпорын істейді, оларда 10 мыңдай жұмысшы бар. "Біздің кәсіпорындарда өндірілген ұнның 20%-ы ғана ел ішінде сатылады, ал ұнның негізгі бөлігі экспорттық келісім-шарттары бойынша көрші елдерге сатылады. Ұн өндіруші шағын және орта кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуін тек экспорттық сауда ғана қамтамасыз етеді", -делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны