18.06.2008, 13:15 1566

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы тағы да өсе бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы тағы да өсе бастады

Шымкент. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында кейінгі екі аптада жанар-жағармай бағасы бастапқыда 2-3 теңгеге арзандап, сосын бұрынғы деңгейге дейін қайта көтеріле келе тағы да өсе бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Маусымның басында АИ-96 жанармайының бағасы 98 теңге, АИ-92 - 88 теңге, АИ-80 - 76 теңге, дизельдік отын - 87 теңге болған. Бұдан кейін апта бойы баға төмендеп АИ-96 - 97 теңге, АИ-92 - 86 теңге, АИ-80 - 74 теңге, дизельдік отын - 84 теңге болды.

Алайда, бүгін баға қайта көтеріліп, АИ-96 - 97 теңге, АИ-92 - 92 теңге, АИ-80 - 76 теңге, дизельдік отыр - 88 теңгеге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны