08.05.2008, 10:57 2924

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері дизельдік отынның бағасы 27%-ға өсті

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері дизельдік отынның бағасы 27%-ға өсті

Шымкент. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері дизельдік отынның бағасы 27%-ға өсті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық жанар-жағармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

Оның айтуынша, ""Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС жанар-жағармай тарату бекеттері үшін сататын дизельдік отынның бағасы төрт айда $155 өсіп, бір тоннасына $720 құрады".

"Кейінгі екі аптада баға шұғыл өсті. Егер біз сәуірдің аяғында дизельдік отынның бір тоннасын $671 алсақ, 6 мамырдан бастап ол тоннасына $720 жетті. Жанар-жағармай тарату бекеттері үшін дизельдік отын босатылмай отыр", - деді Қ. Қамбаров.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, жылдың басынан бері жанар-жағармайдың барлық түрлері қымбаттады. АИ-80 жанармайының бағасы $83 өсіп, қазір тоннасына $794, АИ-92 құны $21-ға өсіп, қазір тоннасына $831 құрап отыр.

Шымкентте екі аптада жанар-жағармай тарату бекеттеріндегі дизельдік отын құны 10 теңгеге өсіп, қазір литріне 87 теңгені құрап отыр, ал жанар-жағармай тарату бекеттерінің басым бөлігінде дизельдік отын жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны