25.01.2018, 18:56 5135

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Ащысай ауылында кен өндіру кәсіпорны іске қосылады

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында жыл соӊында кен өндіру кәсіпорны іске қосылады

Шымкент. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында жыл соӊында кен өндіру кәсіпорны іске қосылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінгі күнге инвесторлар 120 млн теӊгеніӊ қаржысын жұмсаған. Ол қаржы кепілде тұрған ғимаратты сатып алуға, құжаттамаларды реттеуге жұмсалған. Ендігі кезекте құны 3 млн АҚШ доллары болатын құрал-жабдықтар сатып алынып, кен өндіру кәсіпорны өз жұмысын бастамақ. Аталған кәсіпорын іске қосылған уақытта 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев ауыл тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты, - деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінде жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын айтқан "Ащысай тау-кен комбинаты" ЖШС директоры Нысанбай Кенжебаев ақпан, наурыз айында зауытты қайта тіркеу және заӊдастыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

"Табиғатты қорғау жайын стандарттарға сәйкестендіреміз. Бұл жұмыстардыӊ барлығын атқару үшін уақыт керек. 25 жылға қабылданып отырған бағдарлама бойынша жоба жер қойнауындағы қазба байлықтарды игеру мақсатында жүзеге асады. Жоба бойынша 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жыл соӊында кәсіпорын өз жұмысын бастайды деп күтілуде", - деді Нысанбай Кенжебаев.

Осы ретте қала басшысы жыл соӊына дейін жергілікті тұрғындарды арнайы бағдарламалар бойынша оқытып, мамандықтарын сәйкестендіру жұмыстарын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Есептік кездесуде тұрғындардыӊ сұрақтарына кеӊ көлемді жауап берген И.Мақұлбаев сала мамандарына атқарылуы тиіс нақты тапсырмаларды жүктеп, алдағы міндеттерді нақтылады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны