14.10.2016, 16:36 5444

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Бал текстиль" кілемдері халықаралық "Алтын жұлдыз" үздік сапасын иеленді

Енді "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар кілемдерді Англия, Германия және Ресейдіӊ ірі сауда маркеттерінен кездестіруге болады.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысынан шығарылатын отандық өнім - "Бал Текстиль" кілемдері Швейцарияныӊ Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда үздік сапа аталымы бойынша "Алтын Жұлдыз" (ISAQ жүлдесі) иеленді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сапа мен инновациядағы жетістіктерге қол жеткізген компаниялар мен ұйымдарға табысталатын ISAQ жүлдесін алу сынында кілем фабрикасы көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеті, сапа мен өнімділік, компанияныӊ беделі мен нарықта тауар сатуға қолайлы орта қалыптастыруы, технология, инновация және өсім сатылары бойынша жеӊіске жетіп, үздік деп танылған. Ал құрметті халықаралық жүлдені отандық компанияныӊ жетекшілігіне табыстаған соӊғы 30 жылдан бері әлемніӊ 179 елінде әр саланыӊ көшбасшыларын анықтап, марапаттап келе жатқан "Business Initiative Directions" компаниясы болып табылады.

"Бал Текстиль" кілем фабрикасы, әзірге, Қазақстанда теӊдесі жоқ серіктестік болып табылады. Өз жұмысын 2013 жылы "Индустрияландыру картасы" бағдарламасы аясында бастаған бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана емес, "BCF", "Heat-Set", "Frize" маркалы полипропилен жіптерін иірумен де айналысуда.

Қажетті шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан және басқа да елдерден тікелей жеткізіледі. Кілемдер Бельгиялық жоғары технологиялық "Michel Van De Wiele" қондырғыларда тоқылады. Ал синтетикалық полипропилен жіптері Германия мен Франция елдерінен жеткізілген. "Oerlikon Neumag", "Allma Volkmann", "SUPERBA" фирмаларыныӊ заманауи құрылғыларында иіріледі.

"Бал Текстильдіӊ" кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы - жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал, полипропилен жібін иіру қуаттылығы - жылына 4000 тоннаны құрайды. Бүгінде мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.

"Бал Текстиль" өнімдерін Қазақстанныӊ барлық қалаларында кездестіруге болады. Еліміздегі ресми таратушылардыӊ қатары 400 ден асқаны - осыныӊ дәлелі. Сонымен қатар, тұрақты түрде тапсырыс беріп, өнімдерді алатын 20-дан астам шетелдік серіктестері бар.

2016 жылы "Бал Текстиль" шведтік ИКЕА мен ЕЭС-тіӊ өзге де компанияларымен келісімге келудіӊ нәтижесінде, экспорт көлемін 20-30 пайызға ұлғайтты. Енді "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар кілемдерді Англия, Германия және Ресейдіӊ ірі сауда маркеттерінен кездестіруге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны