31.10.2016, 13:37 8422

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы бір ғана зауыт сүт өнімдері өндірісіне соӊғы 5 жылда 7 млрд. теӊге мөлшерінде инвестициялық қаржы салды

Ұжымдарда жұмыскерлер саны 1800 адамнан асады. Қазақстан аумағында 100 астам өнім түрлері өндіріліп, оныӊ 47-сі шетелге шығарылады.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Етьен мырза "ФудМастер" компаниясыныӊ Шымкенттегі зауытында болып қайтты, деп хабарлайды компанияныӊ баспасөз қызметі.

Қазақстандағы Францияныӊ төтенше және өкілетті елшісі жоғары мәртебелі Франсис Етьен мырза 2016 жылғы 28 қазанда Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Көксаяқ елдімекенінде орналасқан Республикада сүт өнімдері секторында жетекші кәсіпорын Lactalis компаниялар тобыныӊ (Франция) "ФудМастер" зауытын аралап қайтты.

Өндірістіӊ қазіргі заманғы және қауіпсіз тәсілін құруға бағытталған инвестициялық саясатыныӊ арқасында "ФудМастер" өнімдері қазіргі күнде барлық халықаралық сапа нормаларына жауап береді, шығарылатын өнімдердіӊ түрі мен көлемі артып келеді. Компанияныӊ табысты болуыныӊ басты шартыныӊ бірі "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар сүт өнімдерініӊ сапасын бақылау жүйесі және өнімніӊ табиғилығы болып саналады.

Экономикалық блок шегінде Елші мырза "ФудМастер" компаниясыныӊ инвестициялық бағдарламасымен танысты. Инвестицияныӊ жиынтық мөлшері 10 млрд. теӊгені құрады, оныӊ ішінде соӊғы 5 жылда 7 млрд. теӊгеге қаржы салынды. Компания сүт өнімдерінен басқа Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік секторын дамытумен жете айналысып келеді, оныӊ ішінде сапасы жоғары сүт өндіру және жинау. Өзініӊ екі жекеменшік "ФудМастер" тауарлы-сүт фермасынан басқа Қазақстан бойынша 180 сүт қабылдау бекетінен сүт жиналады, компания фермаларда өз атынан арнаулы сүт сақтайтын ыдыс-салқындатқыш жабдықтарын орнатып, оны ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамытуды қолдау ретінде өтеусіз пайдалануға берген.

"ФудМастер" компаниясыныӊ Оӊтүстік Қазақстан облысына салған қаржысы соӊғы 5 жылда шамамен 977 млн. теӊгені құрады. "ФудМастер-Шымкент" ЖШС зауытыныӊ директоры Ибдіғали Сұлтанныӊ айтуынша зауыт тәулігіне 58 тоннаға дейін сүт өнімін өндіреді. Тек қана 2016 жылдыӊ соӊғы 3 айында 3,1 мыӊ тонна сүт қайта өӊделді, 800,2 млн. теӊгеніӊ өнімдері шығарылды. Бұдан басқа, "ФудМастер-Шымкент" зауыты сапасы жоғары сүт өнімдерімен тек Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊірлерін ғана емес, Алматы қаласы мен Алматы облысымен қатар Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанды да қамтамасыз етіп отыр. Озық технология және жабдықтарды автоматтандырылған тазарту әдісініӊ арқасында сүт өнімдерініӊ жарамдылық мерзімі Қазақстанныӊ еӊ алыс түкпірлеріне де жеткізуге мүмкіндік береді. ISAS тәуелсіз зерттеу агенттігініӊ мәліметі бойынша әрбір бесінші қазақстандық "ФудМастер" өнімдерін сатып алушы болып табылады.

"Өндірістіӊ қазіргі заманғы және қауіпсіз әдісіне сәйкес инвестицияға негізделген Lactalis бірыӊғай халықаралық саясатыныӊ арқасында "ФудМастер" өнімдері бүгінде халықаралық сапа нормаларына жауап береді. Бұл мен өзім аралаған "ФудМастер" компаниясыныӊ екінші зауыты және шығарылатын сүт өнімдерініӊ сапасы Франциядағыдай жоғары екені мен үшін сүйсінерлік іс", - деді Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Етьен мырза.

"ФудМастер-Шымкент" зауыты 1998 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Көксаяқ елді-мекенінде компания бөлімшесі ретінде негізі қаланды. "ФудМастер"-діӊ барлық компаниясы тәрізді бұл зауыт та компания қолданыстағы жоғары сапа стандартына жауап беретін жаӊа сауылған, табиғи сүт өнімдерініӊ бірнеше түрін шығаратын жоғары технологиялық сүт зауыты болып табылады. ОҚО зауытындағы жұмыскерлер саны 140 адам. Кәсіпорын қызметкерлердіӊ кәсіби өсуіне және аудан тұрғындарыныӊ дамуына мүмкіндік беріп отыр. Зауыт Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тұрғындарынан күн сайын сүт жинаумен айналысатын барлығы 16 фермер шаруашылығымен және 38 сүт жеткізшуімен жұмыс істейді. "ФудМастер-Шымкент" аймақтыӊ экономикасына тұрақты қаржы құйып отыр және Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жауапты салық төлеушісі болып табылады. Көксаяқ елді-мекеніндегі зауыттыӊ салық аударымы соӊғы 5 жылда 2 миллиард теӊгеден астам соманы құрады.

"Біз еліміздіӊ өндірістік қауіпсіздігініӊ қаншалықты маӊызды екенін түсінеміз және "ФудМастердіӊ" бүкіл қызметі Бірыӊғай экономикалық кеӊістік шегінде және Қазақстанныӊ ДСҰ енуі тұрғысынан сүт өнімдерініӊ бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық қиыншылық жағдайында жоспарланған инвестиция біздіӊ өнімдеріміздіӊ сапасын көтеруге және бүкіл Қазақстан, оныӊ ішінде Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша сүт өндірушілерді қолдауға бағытталатын болады", - деді Ибдіғали Сұлтан.

2004 жылдан бері "ФудМастер" компаниясы әлемніӊ түрлі елдерініӊ 200 кәсіпорныныӊ басын біріктіретін және дүние жүзінде сапасы жоғары сүт өнімдерін өндіру бойынша әйгілі көшбасшы Lactalis халықаралық тобына (Франция) енгізілген. "ФудМастер" Қазақстанныӊ сүт өнімі нарығында көшбасшы болып саналады. Компания Қазақстанда үш өндірістік алаӊмен, жекеменшік тауарлық-сүт фермаларымен, Қазақстанныӊ 18 қаласында дамыған сауда филиалы желісімен танылған. Ұжымдарда жұмыскерлер саны 1800 адамнан асады. Қазақстан аумағында 100 астам өнім түрлері өндіріліп, оныӊ 47-сі шетелге шығарылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны