30.06.2006, 17:27 7192

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік мақта өңдеу зауытының құрылысы 20-қыркүйекте аяқталады

ШЫМКЕНТ. 30-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік мақта өңдеу зауытының құрылысы 20-қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы зауыт басшылығы облыс әкімі Болат Жылқышиев құрылыс алаңында болған кезде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Зауытта қазір мақта қабылдау бөлімшелері ашылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мақтаарал ауданындағы Атамекен ауылының жанында алғашқы мақта өңдеу зауытын салу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Қазір нысан құрылысын салуға 164 адам мен 36 техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарын “Шымкентхиммонтаж” ЖШС жүргізуде.

Құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Жалпы смета 1,5 млрд. теңгені құрайды, оның 248 млн. теңгесі монтаждау жұмыстарына жұмсалады. Кәсіпорынға арналған жабдықтар АҚШ, Түркия мен Өзбекстанның танымал өндірушілерінен сатып алынады.

Зауыт жылына 60 мың тонна шикі мақта өңдеп, 20 мың тонна мақта талшықтарын шығара алады. Зауыттың жанында майды экстракциялаушы комбинат пен элиталық тұқым цехы салынады.

2005-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 464 мың тонна шикі мақта жиналды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны