19.10.2016, 12:08 4639

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы сауда-логистикалық орталығында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Заманауи кешендегі салынып жатқан құрылыстардыӊ жұмысымен танысқан аймақ басшысы сауда-логистикалық орталығы ауыл шаруашылығына бейімделген Оӊтүстік өӊірініӊ экономикасына оӊ ыпқалын тигізіп, облыс өнімін дүниежүзілік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі өнеркәсіп орындарын аралау жұмыстарын одан әрі жалғастырды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сапар барысында облыс әкімі аумағы 112 га болатын сауда-логистикалық орталығында болды.

Бұл орталықта 242,5 мыӊ шаршы метрді құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" халықаралық автодәлізіне қосатын жол, темір жол тұйығы, қуаттылығы 10 МВт болатын электр стансасы, орталықтандырылған газ және су құбырларыныӊ құрылыстары жүргізілген.

Заманауи кешендегі салынып жатқан құрылыстардыӊ жұмысымен танысқан аймақ басшысы сауда-логистикалық орталығы ауыл шаруашылығына бейімделген Оӊтүстік өӊірініӊ экономикасына оӊ ыпқалын тигізіп, облыс өнімін дүниежүзілік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті мекеме басшыларына аталған орталықтыӊ аумағын ұлғайтуды жүктеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы "ҚАЗАҚСТАН ЖАӉА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ" атты Қазақстан халқына жолдауында былай деген болатын:

"Жаһандық дағдарыс - ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаӊа мүмкіндіктер. Илемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудыӊ дағдарыстық кезеӊінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соӊғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердіӊ бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын.

Біздіӊ Қазақстанныӊ өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Алғашқы онжылдықта - Тәуелсіздіктіӊ қалыптасуыныӊ еӊ қиын кезеӊінде - біз негізінен "мұнайсыз" өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды.

Сол уақыттары қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маӊызды оӊ сипатты мәнге ие болды. Ол кеӊ ауқымды жекешелендіру мен біздіӊ экономикамызға көптеген трансұлттық компаниялардыӊ келуі.

Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздіӊ экономикалық қиындықтарды еӊсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздіӊ басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаӊа толқынныӊ қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.

Біріншіден, біз қазірдіӊ өзінде индустриялық-инновациялық дамудыӊ екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.

Екіншіден, біз "Нұрлы Жол" Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардыӊ маӊызды аспектісі ұлттық валютамыз теӊгеніӊ еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

Үшіншіден, біз "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заӊнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заӊ. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардыӊ бәрі де мемлекетке, қоғамға біздіӊ экономикамызға қосымша төзімділік береді.

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.

Бесіншіден, меніӊ тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеӊберінде құрылған экономиканыӊ жаӊа секторлары экономикалық өсімніӊ драйверлеріне айналуда. Көптеген өӊдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өӊдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.

Жетіншіден, қазақстандықтардыӊ экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еӊбек өнімділігініӊ 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны