19.10.2016, 12:02 4197

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы сүт тауарлық фермасына таяуда тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда

Өнеркәсіп орындарымен танысу кезінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Бөрте Милка" сүт тауарлық фермасында болды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Өнеркәсіп орындарымен танысу кезінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Бөрте Милка" сүт тауарлық фермасында болды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жыл басында ашылған шаруашылықта асыл тұқымды сүтті бағыттағы "Гольштейн" тұқымынан қазіргі таӊда 272 бас сауын сиыр бар. Күніне 30 литрге дейін сүт беретін фермада жылына 6-7 мыӊ литр ағарған алу көзделуде. Ол үшін таяуда тағы да 200-ден астам ірі қара әкелу жоспарлануда. Сүт тауарлық ферманыӊ барлық жабдықтары швейцариялық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда 2016 жылдыӊ соӊына дейін 150-ге жуық ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады.

ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 2016 жылғы 18 қазанда өткен Үкімет отырысы барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шаралары мен ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту туралы мәлімдеді.

Қ. Айтуғанов ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және қайта өӊдеу қуаттарын жүктеу жеке шаруашылықтар әлеуетін пайдалану есебінен жүзеге асырылатынын айтты. ҚР АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып және ҚР ДСИДМ жыл соӊына дейін нақты міндеттер мен индикаторларды анықтайтын үшжақты қадамдық жоспарына қол қойды. Сонымен қатар, іс-шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды және өӊірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар пакеті дайындалды.

"28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстарда, сондай-ақ бірқатар аудандарда ауылдық округ әкімдерініӊ және аудандар әкімдерініӊ орынбасарларыныӊ қатысуымен кеӊестер өтіп, іс-шаралардыӊ іске асыру механизмі, кооперативтер құрудыӊ негізі және қаржыландыру шарты жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілді", - деп хабарлады бірінші вице-министр.

Қ. Айтуғанов әкімдіктерге бекіткен жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылатындығын айтты. Ол 100 сүт қабылдау бекеті мен 2 200-ден астам отбасылық бордақылау алаӊын біріктіреді.

"Осы жылдыӊ 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау бекеті және 3 200 отбасылық бордақылау алаӊы құрылды", - деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр кооператив құруда формалды амалды болдырмас үшін кооперативке жеке шаруа қожалықтарын көбірек тарту үшін онда кем дегенде 20 қатысушы болу міндеті қойылғанын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны